Спорт • 25 Ақпан, 2019

Велотректен Әлем чемпионатына Қазақстан атынан кімдер қатысады?

371 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

27 ақпан мен 3 наурыз аралығында Польшаның Пружков қаласында велотректен лицензиялық әлем чемпионаты өтеді. Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Велотректен Әлем чемпионатына Қазақстан атынан кімдер қатысады?

ҰОК сынға қатысатын Қазақстан командасының құрамын назарларыңыға ұсынады. 

Олар:

Артем Захаров, Павел Воржев, Максим Налетов, Сергей Пономарев, Роберт Гайнеев, Әлішер Жұмақан және Асылхан Тұрар қатысады. 

Қазақстан командасының үздігі Артем Захаров әлем чемпионатында жүлдеге таласу үшін аянып қалмайтынын айтқан болатын.