Қазақстан • 25 Ақпан, 2019

Марат Бекетаев Әділет министрі қызметіне қайта тағайындалды

581 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Марат Бекетаев Әділет министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Марат Бекетаев Әділет министрі қызметіне қайта тағайындалды

Марат Бақытжанұлы 1977 жылы 29 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

1998 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін, 2000 жылы Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебін бітірген.

2001-2002 ж. - «ҚР СІМ Дипломатиялық өкілдіктерімен жұмыс жөніндегі департамент» РМК ұйымдастырушылық-хаттамалық бөлімінің ақпарат өңдеу секторының меңгерушісі.

2002-2003 ж. - Алматы қаласындағы «Дипломатиялық корпусқа қызмет көрсету жөніндегі басқарма» ЖАҚ ұйымдастырушылық-талдамалық бөлімінің бастығы.

2003 жылғы тамыздан желтоқсанға дейін – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің  Мемлекеттік қызметті құқықтық тұрғыдан қамтамасыз ету департаменті басқармасының, бөлімінің бастығы.

2004 жылғы қаңтардан қыркүйекке дейін - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының кеңесшісі, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Ақпарат және тестілеу орталығы» МБ директорының орынбасары.

2004-2006 ж. - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Мемлекеттік қызметшілерді оқыту еуразиялық орталығы» РМҚК директорының орынбасары, директоры.

2006-2007 ж. - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі.

2007 жылы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі.

2007-2010 ж. - Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі.

2010-2015 ж. - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жауапты хатшысы.

2015-2016 ж. - Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары.

2016 жылғы 13 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Әділет министрі болып тағайындалды.

«Құрмет» орденімен марапатталған (2011).