Аймақтар • 26 Ақпан, 2019

140 шөлмек қытай арағын заңсыз өткізген қазақстандық ұсталды

442 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қорғас шекаралық бақылау отрядының жауапкершілік аумағында орналасқан Халықаралық шекара бойы ынтымақтастығы орталығында шекарашылар кеше, түс ауа, Орталық аумағынан қайтып келе жатқан, шекаралық тексеруді өтіп болған 1989 жылы туған қазақстандықты ұстады. Бұл туралы ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады. 

140 шөлмек қытай арағын заңсыз өткізген қазақстандық ұсталды

Ол ел аумағына 140 шөлмек қытай арағын заңсыз өткізбек болған екен.

Дәл осы шекара наряды «Алтынкөл» кеден бекетінің қызметкерлерімен бірлесе отырып, сағат 18-дер шамасында 22 жастағы қазақстандық азаматшаны 1000-нан астам компьютердің, 333 дана смартфондар дисплейін заңсыз алып өтпек болғандығы үшін ұстады.

Демалыс күндері бұл отрядтың шекарашылары Орталық аумағынан, иесіз, екі тоннадан астам халық тұтынатын тауарлар мен 1 центнерге жуық қытай дәрі-дәрмегін, 10 кг-ға жуық ұялы телефонның жабдықтарын тауып алып, «Алтынкөл» кеден бекетіне тапсырған болатын.