Міндетті әлеуметтік сақтандырудың басымдықтары
Сәрсенбі, 29 тамыз 2012 7:41
Мемлекет басшысы, Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласында әлеуметтік саясаттың басты міндеттерінің бірі экономикалық табыстар арасындағы тиімді тепе-теңдікті және қоғамдық игіліктерді қамтамасыз ету екендігі атап өтілді. Осыған байланысты жаңа әлеуметтік саясат ең алдымен «Жұмыспен қамту-2020» мемлекеттік бағдарламасы мен 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде экономикалық белсенді халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге бағытталған.
Сәрсенбі, 29 тамыз 2012 7:41
Мемлекет басшысы, Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласында әлеуметтік саясаттың басты міндеттерінің бірі экономикалық табыстар арасындағы тиімді тепе-теңдікті және қоғамдық игіліктерді қамтамасыз ету екендігі атап өтілді. Осыған байланысты жаңа әлеуметтік саясат ең алдымен «Жұмыспен қамту-2020» мемлекеттік бағдарламасы мен 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде экономикалық белсенді халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге бағытталған.
Халықтың әлеуметтік тұрақтылығы, оның әлеуметтік қорғалуы кез келген мемлекеттің экономикасының өркендеуі мен қазіргі заманғы демократиялық қоғам дамуының ажырамас бөлігі болып табылады. Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда мемлекет, бизнес және азаматтар арасындағы әлеуметтік қамсыздандыруға жауапкершілікті бөлуді қарастыратын халықты әлеуметтік қорғаудың көп деңгейлі жүйесі құрылды.
2005 жылдан бастап Қазақстан Республикасында жұмыс істейтін халықты әлеуметтік қорғаудың қосымша түрі ретінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі енгізілді.
«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ (бұдан әрі Қор) арқылы мемлекет мынадай әлеуметтік тәуекелдерді сақтандыруды өз мойнына алды:
P еңбек ету қабілетінен айрылу;
P асыраушысынан айрылу;
P жұмысынан айрылу;
P жүктілігі және босануы, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айрылу;
P бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне байланысты табысынан айрылуы.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін (бұдан әрі МӘСЖ) ұйымдастырудың негізіне МӘСЖ қатысудың міндеттілігі, Қордан төленетін әлеуметтік төлемдерді қамтамасыз ету үшін қолданылатын міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын, мемлекеттің кепілдендірілген шараларын сақтау мен орындаудың, жалпыға бірдей қағидаттары негізге алынған.
Қордың миссиясы әлеуметтік қатерлер туған жағдайда әлеуметтік қамсыздандырылуға азаматтардың жауапкершілігін ынталандыру, МӘСҚ активтерінің тұрақтылығы мен халықтың қанағаттандырылуын қамтамасыз ету мақсатында оны толыққанды басқару болып табылады.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің басымдығы сонда, егер экономикалық белсенді халық өзінің еңбек қызметін жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы еңбек шарттары негізінде неғұрлым көбірек жүзеге асыратын болса, соғұрлым олар міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесімен көбірек қамтылатын болады. Төлем төлеушінің (жұмыс беруші және (немесе) өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлға) өзінің жалдамалы қызметкерлері үшін ай сайынғы әлеуметтік аударымдарды Қорға уақытында және толық төлеу жөніндегі жауапкершілігі заңда қарастырылған. МӘСЖ қатысудың ынтымақты қағидаты ескеріле отырып, тек әлеуметтік тәуекел жағдайы туған қызметкерлер ғана Қордан әлеуметтік төлем алушылар болып табылады.
Экономикалық белсенді халық санының өсу динамикасынан 2011 жылы бұл көрсеткіш 2005 жылмен салыстырғанда 11,4%-ға артқанын көреміз. Осы кезеңде МӘСЖ қатысушылар санының өсуі 53 % құрады (1-кесте). Осылайша жалдамалы қызметкерлер – 100% және жеке кәсіпкер ретінде салық органдарында ресми тіркелген өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың 9%-ы міндетті әлеуметтік сақтандырумен қамтылды.
Әлеуметтік сақтандырудың халықаралық тәжірибелерінен міндетті сақтандыру жарналары төленетін табыстар мөлшеріне нақты шектеулер заңнамамен белгіленетінін атап өткен жөн. Бұл сақтандырылған табыстан жоғары табысты халықтың өзінің болашақтағы әлеуметтік тәуекелдерін жеке өмірді сақтандыру компанияларында ерікті сақтандыру мүмкіндіктерінің болатындығымен және сақтандыру жағдайы туған қызметкердің сақтандырылған табыс шегіндегі төлеммен қамтамасыз етілетіндігімен байланысты белгіленген.
Сонымен бірге, Қазақстанда тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы ҚР Заңымен белгіленген төменгі жалақының (бұдан әрі – ЕТЖ) он еселенгенмөлшері деңгейінде ай сайынғы әлеуметтік аударымдар жүргізілетін табыстың ең жоғарғы мөлшері Заңмен айқындалған. 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап 10 ЕТЖ = 174 390 теңге.
Ресей Федерациясында Әлеуметтік сақтандыру қорына міндетті сақтандыру жарналары төленетін жылдық табыстың мөлшері жыл сайын заңмен белгіленіп отырады. 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап бұл көрсеткіш жылына 512 000 рубль деңгейінде немесе айына 42 664 рубль мөлшерінде (199 652 теңге мөлшерінде) белгіленген (2-кесте).
Жұмыспен қамтылған халықтың құрылымынан Қазақстандағы жұмыс істейтін халықтың 98,4 %-ы үшін жұмыс берушілер 10 ЕТЖ шегіндегі табыстан ай сайынғы әлеуметтік аударымдар төлейтінін атап өткен жөн (1-диаграмма).
2005 жылдан бастап 2012 жылдың 30 маусымы аралығында Қордан төленген әлеуметтік төлемдердің жалпы сомасы 240,5 млрд.теңгені құрады (2-диаграмма). Әлеуметтік төлемдердің жалпы көлемінің ең үлкен үлесі 93 %-ын немесе 222,7 млрд.теңгені ана мен баланы қолдау құрайды. Қордан жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы асырап алуына байланысты табысынан айрылуы жағдайына төленетін әлеуметтік төлемдер тек жүктілігі және босануы бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық парағы негізінде жұмыс орнынан демалыс берілген жұмыс істейтін әйелдерге тағайындалады.
Елімізде бала туудың оң динамикасы байқалады. Сонымен бірге 2008 жылдан бастап бала туу қарқыны төмендеуде, ал Қордан жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы асырап алуына байланысты табысынан айрылуы жағдайына әлеуметтік төлем алушылар саны керісінше, артуда (3-диаграмма).
Әлемдік қаржылық дағдарыс жағдайында көптеген елдерде әлеуметтік қамсыздандыруға шығындар қысқарып жатқанда, Қазақстанда зейнетақылар мен жәрдемақылар және Қордан әлеуметтік төлемдер уақытында төленіп отырды.
Сонымен қатар сатып алу қабілеттілігін сақтау үшін ҚР Үкіметінің шешімімен жыл сайын еңбек ету қабілетінен айрылу және асыраушысынан айрылу жағдайына байланысты ұзақ мерзімді әлеуметтік төлемдердің мөлшерлері арттырылып отырады. Мысалы, 2012 жылдың 1 қаңтарына ұзақ мерзімді әлеуметтік төлемдер 7 %-ға арттырылды.
Осылайша, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінде әрбір экономикалық және әлеуметтік қатынастар субъектісі өз мүдделерін жүзеге асырады:
1. қызметкерлер (және олардың отбасы мүшелері) табыстарын жоғалтқан жағдайда ынтымақты сақтандыруға үміт арта алады (ауру, жазатайым оқиғалар, жұмыссыздық, босануына және бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне);
2. жұмыс берушілер жалдамалы қызметкерлері үшін ай сайын әлеуметтік аударымдар төлей отырып, әлеуметтік тепе-теңдікті қалыптастыруға жауапты болады және осындай тәуекелдерді қайтаруға жұмсалатын шығындарды азайтады;
3. мемлекет сәйкесінше заңнамалық актілерді қабылдай отырып, міндетті әлеуметтік сақтандырудың параметрлерін жетілдіреді және сол арқылы әлеуметтік тұрақтылықтың нығаюына септігін тигізеді.
Қор қызметінің стратегиялық бағыттары міндетті әлеуметтік сақтандырудың тұрақтылығын қамтамасыз етудегі мемлекеттік мақсаттарға жету үшін және әлеуметтік сақтандыру мен әлеуметтік ынтымақтастықтың жалпыға белгілі әлемдік базалық қағидаттарын қолдана отырып, теңдестірілген шараларды жүзеге асыруға бағытталған.
Бүгінде, әсіресе әлемдегі экономикалық өсім мен адамдардың материалдық әл-ауқатына қауіп төндіретін жаһандық қаржылық дағдарыс кезінде, әлеуметтік қамсыздандырудың адамзат дамуындағы рөліне ешкім де күмән келтіре алмайды.
Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына арнайтын Жолдауы аясында қабылданатын әлеуметтік-экономикалық бағдарламалар ең алдымен халықтың әл-ауқатын жақсартуға, масылдықты болдырмайтын, әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға, халықты атаулы және тиімділікке негізделген елдегі әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіруге бағытталған.
Алмас ҚҰРМАНОВ,
«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры»
АҚ президенті.