Қазақстан • 26 Ақпан, 2019

Ерболат Досаев Ұлттық банк басшысы лауазымындағы жұмысына кірісті

436 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Президент Әкімшілігінің басшысы Әсет Исекешев Ерболат Досаевты Ұлттық банк ұжымына таныстырды. Ә.Исекешев Ұлттық банктің алдында тұрған барлық міндеттер бұрынғыдай қалатынын атап өтті. Бұл туралы ҰБ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Ерболат Досаев Ұлттық банк басшысы лауазымындағы жұмысына кірісті

«Бірінші кезекте, бұл ақша-кредит саясатын жетілдіру, банктік, қаржылық және нақты секторларды қалыпқа келтіру, баға тұрақтылығы мен экономикалық өсу арасындағы теңгерімді табу», – деді Ә. Исекешев.

Ә. Исекешев атап өткендей, банктер активтерінің сапасына тәуелсіз бағалау жүргізу, қор нарығын дамыту және басқалары өзекті мәселелер болып қалуда.

«Үкіметпен бірге халықтың өмір сүру деңгейін арттыру мақсатында макроэкономикалық тұрақтылықты және экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі шешімдер жүйесін пысықтау қажет», – деп атап өтті ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы.

Өз кезегінде Е. Досаев Мемлекет басшысына көрсетілген сенімі үшін алғыс айтты және елдің экономикалық өсуін қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық банктің және Үкіметтің бірлескен жұмысы күшейтілетінін атап өтті.

Президенттің 2019 жылғы 25 ақпандағы № 856 Жарлығымен Ерболат Досаев ҚР Ұлттық банкі төрағасы лауазымына тағайындалғанын еске саламыз.