«Жобаларды бақылауды жүзеге асыру үшін «Жобалық кеңсе» ақпараттық жүйесі әзірленіп енгізілді. Бұл жобалардың орындалуын бақылауға, растайтын құжаттардың дәлдігі мен белгіленген мерзімінде берілуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 2018 жылдың соңына қарай бұл жоба облыстың жергілікті атқарушы органдарының 35 жобасын іске асырады деп күтілген болатын. Іс жүзінде облыстық жобалау кеңсесі 75 жобаны жүзеге асыруды мақұлдады. 2018 жылдың соңына қарай 40 жоба іске асты. Жоба бойынша жоспарланған барлық іс-шаралар уақытылы жүргізілді. Жобаның мақсаты, нәтижелері мен талаптарына толығымен қол жеткізілді », - деді облыс әкімінің орынбасары Евгений Ким.
Отырыста Эксперттік кеңестің жобаны іске асырудың нәтижелері тыңдалды.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Egemen Qazaqstan»
Қызылорда облысы