«Дауға нүкте қоятын кез жетті» дейді оңтүстікқазақстандық бір топ бас дәрігер
Жұма, 31 тамыз 2012 7:13
Еліміздің әлеуметтік жаңғыртылуының басты қадамдары ең алдымен білім беру, денсаулық сақтау саласындағы жұмыстардан көрінеді. Адамдардың өз денсаулығына деген жауапкершілігі, дәрігерлік қызмет көрсетуді жақсарту, тұрғындарға қалыпты өмір сүріп, тиімді еңбек ету үшін барлық жағдайды жасау аса маңызды міндетке айналып отыр. Осыған орай, Оңтүстікте қолға алынып жатқан жұмыстар аз емес. Соңғы үш жылда мектепке дейінгі 723 мекеме іске қосылды. 158 мектеп, 133 денсаулық сақтау нысаны пайдалануға берілді. Биыл денсаулық сақтау саласына бюджеттен 59,4 миллиард теңге қарастырылған. Осы саланың 64 нысанының құрылысына 5,8 миллиард теңге бөлінді. Жыл соңына дейін 56 нысанды іске қосу жоспарланған. Облыстағы денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 4,2 миллиард теңге бөлініп, жарақталу көрсеткіші 39,5 пайыздан 49,8 пайызға жетті. Мұның бәрі, сайып келгенде, Елбасымыз тапсырған міндеттерді шешуге, қарапайым адамдардың жағдайын жақсартуға, әлеуметтік әділеттілікті нығайтуға әкелетіні аян.

Бірақ неге екенін қайдам, мемлекетіміз медицина саласына қаржыны үйіп-төгіп, ақ желеңді ағайындардың алаңсыз жұмыс істеуі үшін барлық жағдайды жасап отырса да соңғы уақытта Оңтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басынан дау кетпей-ақ қойды. Кез келген биік мақсатқа бірлік пен ынтымақтың арқасында ғана жетуге болады емес пе? Бірлік, ынтымақ орнамаған жерде бақ та, береке де болмайды. Міне, Оңтүстіктің дәрігерлері арасындағы алауыздық арнасынан асып, топ-топқа бөлініп, бір-бірімен айтысып-тартысудың салдарынан болар осы саланың тірлігінен береке кеткендей… Әйтеуір бұл жақтың ақ желеңді жандары арасында бір мазасыздық, алаңдаушылық, көңіл толмаушылық бар екені айдан анық. Бұған кім кінәлі? Осы жағдайға қалай жеттік?
«Бұл жағдайға Оңтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Жұмағали Исмайлов тікелей кінәлі», дейді таяуда «Егемен Қазақстан» газетінің осы облыстағы тілшілер қосынының есігін қаққан бір топ бас дәрігер. «Шыдамның да шегі бар. Облысымыздың денсаулық сақтау жүйесіндегі жөнсіздіктің күннен-күнге ұлғаюы, белең алуы сіздерге шағымдануға мәжбүр етіп отыр. Жергілікті, республикалық баспасөз беттерінде жиі сыналып, ғаламтор жүйесінде облыс әкімінен бастап Денсаулық сақтау министрінің, Үкімет басшысының, тіпті, Елбасы сайтына дейін түсіп жатқан арыз-шағымдардың тұрақты кейіпкеріне айналған Оңтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Ж.Исмайловқа қатысты дауға нүкте қоятын кез жетті деп ойлаймыз.
Мемлекет басшысының саралы, салиқалы саясатын насихаттайтын, осының арқасында елімізде жүзеге асып жатқан оң нәтижелерді жариялайтын қара шаңырақ – «Егемен Қазақстан» газетінде үстіміздегі жылғы 26 мамыр күні Шарафаддин Әміровтің «Нүктесі қойылмайтын дау» атты сын мақаласы жарық көрді. Онда облыстың медицина саласында өткен тендерлерде басшылардың кінәсінен үнемделмей қалған бюджет қаржысы – 1 миллиард теңгеге қаншама шағын аурухана, емхана салуға болар еді… деп айтылған. Біздер, яғни облыстық денсаулық саласында ұзақ жылдар қызмет істеп, ыстығына күйіп, суығына тоңып келе жатқан медицина ұйымдарының басшылары бұл мақалада айтылған деректердің барлығы да түгелдей шындық екенін растаймыз.
Ж.Исмайлов шындықты бетке айтатын, өзінің оң жамбасына келмейтін басшыларды қудалауға ұшыратуды әбден меңгеріп алды. Дәрігерлер ғана емес, мемлекеттік сатып алуға қатысуға ниеттенген мердігер компаниялар басшыларының да көпшілігі оның көрсеткен зәбірін айтып, еңірегенде етегі жасқа толады. Соған қарағанда олардың «тендерді ұту үшін алдын ала 20 пайыз сыйақыны апарып бермесең, жеңіліске ұшырайсың» деген әңгімелерінің астарында бір шындықтың бары рас-ау деген күдікті ой келеді. «Жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды» деген халық нақылына сүйенер болсақ, бұл мәселенің де тиісті органдар тарапынан тексерілуі қажет-ақ.
Жемқорлық, тендердегі әділетсіздік секілді мәселелер тек денсаулық сақтау ғана емес, өкінішке орай, басқа да салаларда арагідік көрініс тауып жүр ғой. Осы ашық хатты жазуымызға мәжбүрлеткен жағдай ол ғана емес. Біздің шымбайымызға бататыны – Жұмағали Исмайлов мырзаның басшы ретіндегі рухани, адамгершілік, моральдық-этикалық бет-бейнесі. Исмайловтың ойына келгенін істейтін әпербақан есерлігіне осыған дейін жастығы болар, лауазымды қызметтің буына балқыған мастығы болар деп кеңдікпен, төзімділікпен, тіпті кешіріммен де қарап келген едік. Бірақ, Исмайлов мырза ұртоқпақтығын үдеткен үстіне үдете түспесе, айылын жиятын түрі жоқ.
Қайсыбірін айтайық. Исмайловтың шатақ мінезін, шектен шыққан әрекетін апта сайын өтетін лездемелерде көріп жүрміз. Медицинаға қатысты күрделі мәселелерді тыңғылықты түрде байыппен, жан-жақты талқылау атымен жоқ. Оның орнына екі-үш сағатқа созылатын жиында Исмайлов билік-үстемшілдігін көрсетіп, қоқан-лоққы жасайды. Көпшіліктің алдында әрбір бас дәрігердің намысына тиеді. Қызметкерлерді табанына салып таптаудан ләззат алып, рахаттанатын секілді. Кейде тіпті дәрігерлерді залдан қуып шығып, жәбірлеуімен тынады. Өзекті мәселелерге қатысты ешбір бас дәрігер өз ойын ашық айта алмайды, өйткені оны Исмайлов мырза тыңдамайды да. Сөйлей бастаған бас дәрігерлерді тоқтатып қойып, келемеждеп мұқатып, мысқылдап, елдің алдында мазаққа айналдыра бастайды. Соңғы мысалдардың бірі – 6 мамыр күні өткен лездемеде қалалық мәслихаттың депутаты, Арыс қалалық ауруханасының бас дәрігеріне «Депутат болсаң өзіңе депутатсың. Мне плевать на твое депутатство!», деп айғайлап, 200 дәрігердің алдында абыройын төгіп, намысын қорлады. Халық қалаулысына түкіргені халыққа түкіргені емес пе? Әрине, «мұның қалай?» деп, аузын ашқан жан табылмады. Себебі, Исмайловтың «қара тізіміне» іліккен адам жұмысынан айырылады. Сонда қалай, алдына келген қызметкердің жасының үлкен-кішілігіне қарамай намысына тиіп, аузынан ақ ит кіріп, көк ит шығатыны, бетінен алып, төсіне шауып, жер-жебіріне жетуі, орынды-орынсыз әкіреңдеуі Ж.Исмайлов мырзаның күнделікті басқару әдісіне айналғаны ма? Басқару мәдениетіне емес, басыну мәдениетсіздігіне сүйенген басқарма басшысының мұндай әрекеттері бас дәрігерлерді құлдық сананың қақпанына итермелеп бітті.
Басшылық және кәсіптік этикадан жұрдай «Сіз» бен «Сеннің» аражігін ажырата алмайтын бұл басшы денсаулық сақтау саласының арына түскен дақ, көзіне шыққан сүйелге айналғандай. Дәрігерлерді құлдық сананың тоздырғаны соншалық, барлығы басын иіп «ләппай, тақсырдан» басқаны білмейтін тобырға айналып бара жатыр дерсің. Азаматтық, адами, кәсіби құқығымызды талап ете алмайтын, жоғымызды айтып, барымызды қадірлеуге шамасы жетпейтін жігерсіз, мүсәпір халге жетіп келеміз.
Ж.Исмайлов онымен қоймай лездемеден кейін бас дәрігерлерді жеке-жеке өз кабинетіне шақырады. Осындайда бастықтың көңілдегісін таппаған бас дәрігерлердің талайының тағдыры тәлкекке түскені жасырын емес. Қорқытып-үркітіп өз еркімен жұмыстан босануға арыз жаздырып алып, есесіне кадрлық бизнесті гүлдендіруде. Осындай келеңсіз жағдайларды көре отырып, көзжұмбайлыққа сала берсек, көсегеміз қалай көгермек? «Шаш ал десе бас алып» бас қамымен ғана жүрген шенеунік елдің, халықтың қамын ойлай ала ма? Осы жәйттер жауапты басшыларға қаншама жазылса да нәтиженің шығар түрі жоқ.
1999 жылы 23 шілдеде қабылданған «Мемлекеттік қызмет туралы» заңының 9-бабындағы «Мемлекеттік қызметкердің негізгі міндеттері» көрсетілген. Осындағы 7-тармақтың «қызметтік этика нормаларын сақтау туралы» және 3 баптағы «қызметтік құқығын асыра сілтемеу» туралы жазылған талаптар Ж.Исмайлов мырзаға әзірге жүрмей тұр. Облыстық денсаулық сақтау саласын шиеленіс пен шырғалаңға салғанын, жоғарыда аталған былық-шылықтарға жол бергенін назарға ала отырып, Исмайлов мырзаға шара қолданылуы тиіс деп есептейміз. Дәрігерлер қауымының осы пікірі ескерілсе деген үміттеміз».
… Бас дәрігерлер осы айтылған жәйттердің барлығын қағазға түсіріп, Мемлекет басшысының, ОҚ облысының әкімі А.Мырзахметовтің назарына және тағы бірнеше құзырлы орган басшыларына ашық хат түрінде жолдап отыр екен. Хат соңына 10 бас дәрігер қол қойыпты. Атап айтқанда, С.Бекжігітов, облыстық кардиология диспансерінің бас дәрігері, облыстық мәслихаттың депутаты С.Рахымбердиев, облыстық қан орталығының бас дәрігері, М.Азбеков, «Мұрат-Дантист» клиникасының бас дәрігері, А.Ошақбаев, Қазығұрт аудандық туберкулез ауруханасының бас дәрігері, Қ.Оңалбеков, облыстық жүйке аурулары ауруханасының бас дәрігері, Ә.Сәлімбеков, облыстық наркодиспансердің бас дәрігері, И.Төлеев, Т.Орынбаев атындағы облыстық жоғары қысымды оттегімен емдеу орталығының бас дәрігері, М.Көкенова, облыстық перинаталдық орталықтың бас дәрігері, К.Ыдырысов, «Доро» клиникасының бас дәрігері, Ә.Сұлтанбеков, облыстық дезстансаның бас дәрігері.
Оңтүстіктің денсаулық сақтау саласындағы дау туралы «Егемен Қазақстан» газеті бұған дейін «Нүктесі қойылмайтын дау» атты мақала жариялағанын жоғарыда айттық. Шынында күні бүгінге дейін даудың аяқталатын түрі жоқ. Қайта керісінше, күннен-күнге өршіп, кеңге жайылып барады. Біз жоғарыдағы ашық хатта айтылған жайттердің анық-қанығын білмек болып, ОҚО денсаулық сақтау басқармасының бастығы Жұмағали Исмайловтың өзіне жолықтық. Екі арадағы қысқаша әңгіме былайша өрбіді.
– Ашық хатта тендер қаржысының белгілі бір пайызы сыйақы ретінде беріледі деген күдік айтылған. Бұған не айтасыз?
– Ол бас дәрігерлердің тендер жұмысында шаруасы болмасын. Олардың тендеріне тиісіп жатқан ешкім жоқ. Бұл тірлікті қадағалап, тексеріп отыратын арнайы комиссия бар.
– Кадрларды қудалайды, тым дөрекі, қызметкерлердің намысына тиетін сөздер айтады, кейбірін жиналыстан қуып шығады деген жолдарға не айтуға болады?
– Мен тек жұмыс талап етемін, жасыратыны жоқ, кей бас дәрігерлер жиналысқа дайындықсыз келеді. Сондайларға тілімнің тигені рас. Мен тек жұмысты талап еттім.
– Елбасымыз Н.Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты тұжырымдамасында еңбек дауларының алдын алу, кикілжіңді мейлінше азайту туралы кеңінен айтқан болатын. Сіз неге осы бас дәрігерлерді қабылдап, сөйлесіп, дауды тұтандырмауға қадам жасамадыңыз? Бас дәрігерлер сіздің қабылдамайтыныңызды айтып шағымданады.
– Ол бас дәрігерлерге менің есігім қашанда ашық. Келіп ойындағысын айтамын десе қабылдауға әзірмін. Сіз ақыры осы мәселеге араластыңыз, мүмкін ашық хатқа қол қойған бас дәрігерлерді сіз алып келерсіз. Осы менің кабинетімде сөйлесейік, пікірлесейік, барлық кемшілікті сыртқа шығарғанша осы жерде айтсын.
… Біз денсаулық сақтау басқармасының бастығымен қол алысып, сол кісінің кабинетіне бас дәрігерлердің басын қосуға уәделесіп тарадық. Шынын айту керек, Жұмағали Қазыбайұлының дауды шешуге талпыныс жасауына, бас дәрігерлерге «арызқойлар» деп мұрын шүйірместен ашық әңгімеге шақыруына іштей сүйсініп те қалдық. Бірақ, арадағы екі сағатта сол әсерімізден түк те қалмады. Біз басқарма бастығына түс қайта сағат төрттен кейін кіріп шықсақ, Ж.Исмайлов сағат алтыларда ашық хатқа қол қойған бас дәрігерлерге телефон шалып, психологиялық қысым жасап, тіпті сол күні облыстық қан орталығының бас дәрігері С.Рахымбердиевті жұмысынан босатып та жіберді. Әрине, бұл бас дәрігерді қызметінен басқа себеппен босатты, бірақ, дәл сол күні кетуіне ашық хатқа қол қойғаны себеп болғаны айдан анық. Ал, ертеңіне ашық хаттағы бірнеше бас дәрігердің мекемелеріне басқарма жақтан тексерулер сау ете қалған. Сөйтіп, қазір ашық хатқа қол қойған бас дәрігерлердің тағдыры қыл ұшында тұр. Расында қызметтен кетудің келесі кезегі кімдікі? Басқарма бастығы бұл бас дәрігерлерді қызметтерінен қуып, барлығын басып-жаншып тастамай тоқтамайтын сияқты. Шынын айту керек, ашық хаттың дерегін тексереміз, әділдікке жетеміз деп біздің де ыңғайсыз жағдайда қалғанымыз рас. Әділдік іздеген тәжірибелі дәрігерлерді бастығына ұстап бергендей әрі-сәрі күйде қалды?. Сонда біздің қоғамда қолында билігі барлар қонышынан басып, құқын қорғап жүргендерді қызметінен «құрбандыққа» шалып жібере беретін болғаны ма? Міне, осылайша Жұмағали Исмайловтың шын бет пердесі ашылды. Қол алысып, уәде берген Ж. Исмайлов аяқ астынан айнып, бас дәрігерлермен кездесуден неге бас тартты? Әлде басқарма бастығы қуыстанып, бір нәрседен сескене ме? Қалай айтсақ та Ж. Исмайловтың иман-парасатынан гөрі қолындағы билігіне қатты сенетіні, билігін қамшы сияқты оңды-солды жұмсайтыны байқалып қалды.
Жақында ғана құт-берекесі тасыған Түлкібаста «Ырыс алды – ынтымақ» форумы өтті. Осы іс-шарада облыс әкімі Асқар Мырзахметов парасатты пікірлер қозғап, байыпты бәтуаға келіп, елдің ынтымағын, бірлігін өрістету мәселесі туралы үлгі боларлық әңгіме айтты. Шынында Оңтүстік Қазақстанның әрбір тұрғыны ырыс алды – ынтымақтың ту ұстаушысы екенін естен шығармау керек. Медицина саласы да бір ел, бір күш, үлкен сала. Ендеше, облыс әкімі Асқар Мырзахметов елді бірлікке шақырып, елдің ынтымағын ұйыстыруға жанталасып жүргенде оның командасындағы денсаулық сақтау басқармасының бастығы Ж.Исмайлов басқаратын салада сол бірлік, ынтымақтың болмай тұрғаны қалай? «Бақ қайда барасың? Ынтымаққа барамын» дегенді Жұмағали Исмайловтың жадында сақтамағаны өкінішті-ақ…
Оралхан ДӘУІТ,
«Егемен Қазақстан».
Оңтүстік Қазақстан облысы.