Қазақстан • 26 Ақпан, 2019

Жеңіс Қасымбек АШМ ұжымына жаңа министрді таныстырды

416 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер – Министрдің орынбасары Жеңіс Қасымбек Ауыл шаруашылығы министрлігі ұжымына жаңа Министр  Сапархан Кесікбайұлы Омаровты таныстырды деп хабарлайды АШМ баспасөз қызметі.

Жеңіс Қасымбек АШМ ұжымына жаңа министрді таныстырды

Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 25 ақпандағы № 851 Жарлығымен Сапархан Кесікбайұлы Омаров Ауыл шаруашылығы Министрі лауазымына тағайындалды.      

Сапархан Кесікбайұлы Омаров 1968 жылы 5 мамырда Шымкент облысында туған. Г.В. Плеханов атындағы Ресей экономика академиясын және Қазақ мемлекеттік заң университетін экономист және заңгер мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1995 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық комиссиясының маманы қызметінен бастаған.

1996 жылдан 2007 жылдар аралығында «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ бөлім басшысы, басқарма бастығының орынбасары, басқарма басшысы, департамент директоры және басқарушы директор қызметтерін атқарды.

2007 жылы  «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ-ның вице-президенті болды.

2007–2008 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы бастығының орынбасары.

2008–2011 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Аумақтық-ұйымдастыру және мемлекеттік бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы.

2011–2014 жылдары Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі болып қызмет атқарған.

2014 жылдан 2016 жылға дейін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығының вице-министрі.

2016 жылдан 2019 жыл аралығында VI сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мєжілісінің депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы.

«Құрмет» орденімен, Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен, «Тыңға 50 жыл» медалімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған.