Аймақтар • 26 Ақпан, 2019

Ұлттық палата кедендегі заңсыз бағаларды заң аясында шешуге бекінді

583 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2019 жыл басталғаннан бері «Атамекенге» кедендегі тәртіпсіздіктер, ондағы заңсыз бағалар,  барлық құжаттар түгел болған күннің өзінде де оларға пысқырып қарамау секілді дүниелерге шағым айқан кәсіпкерлердің арызы толассыз келуде. Компаниялар өз тауарларының бағаларының кеден бағасына сай екенін екі күннің бірінде дәлелдеумен әлек.

Ұлттық палата  кедендегі заңсыз бағаларды заң аясында шешуге бекінді

Қазіргі таңда кедендік декларациялардың барлығы бағалар ақпаратын Сыртқы Экономикалық Істер Басқармасы байқамай қалатын, тәуекелшіл жолмен «сары» немесе «қызыл дәліз» арқылы рәсімделуде.

ЖШС «RG Brands Kazakhstan» «Tealand»филиалы, «KOTON Textile»ЖШС, "INTELLPACK"ЖК, "DIGIS AV"ЖШС, «Самсунг» компанияларының шағымдарының қорытындысы ұзақ мерзімді келісімшарттарының барлығына қарамастан  осындай тәуелелдерге ұшырағаны анықталды. 

Компаниялардың айтуынша, бірде бір декларацияда тәуекелді басқару жүйесі негізінде  заң бұзушылық байқалмаған. Барлығы «Жасыл  дәліз» арқылы босатылған.  Бірақ, дәл осы тауарлардың келесі легі де кеден бағаларының жіті бақылауынан өтіп отырған.  

Тәуекелді басқару жүйесі халықаралық сатандарттарға сай, халықаралық сауданы жеңілдетуі тиіс болатын.  Осылайша  Сыртқы Экономикалық Істер Басқармасы  бұл тауарларды тәуекелі төмен тізімге енгізуі керектін.

Алайда, қанше жерден кеден заңнамасын 100%  сақтаса да кәсіпкерлер кеденшілерге жақпай қойған.  Бұл қарастырылмаған қосымша шығындарға және уақыт жоғалтуға алып келеді.

Уақыт пен қосымша шығынды былай қойғанда қағазбастылықтың артқаны және бар.

Ұлттық палата өз сұраныстарына(шығыс хат №736/06 күні 28.01.19 ж., №1016/06 күні 04.02.19 ж, №1750/06 күні 19.02.19 ж, №1891/06 күні 21.02.19 ж,) «бұл ақпараттардың жарияланбайтын құпия» екендігінен басқа жауап ала алмады.

«Атамекен» кәсіпкерлер палатасы кеден органдарының бұл әрекеттерін заңсыз деп бағалайды. Олардың тарапынан жасалған кеден бағалары қазіргі қолданыстағы кеден заңына және халықаралық  ережелерге қайшы»,-дейді Ұлттық палатаның  Кеден әкімшілігі Департаментінің директоры Дина Мамашева.

 «Атамекен»  бұл сұрақтарды заңды түрде шешуге әзір.

 Гүлбаршын САБАЕВА,

 «Еqemen Qazaqstan»

Алматы