Т. Кирибаевтың өліміне байланысты Мәскеу қаласының Батыс әкімшілік округы Тергеу басқармасының Никулинский ауданаралық тергеу бөлімі тергеуге дейінгі тексерісті бастады.
26 ақпанда Қазақстанның Елшілігі Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігіне ресми түрде хабарласып, бұл істі бақылауға алуды және жан-жақты қолғабыс көрсетуді сұрады.
Қазіргі уақытта Т. Кирибаевтың туыстары Елшіліктің Консулдық бөлімінің қызметкерлерімен бірге Мәскеу қаласының Никулинский ауданаралық тергеу бөлімінде. Оның алдында олар университеттің басшылығымен кездесті.
Барлық қажеттi тергеу iс-шараларын, соның iшiнде сот-медициналық сараптамасын өткiзгеннен кейiн қайтыс болған студенттің денесі туыстарына берiледi.