05 Қаңтар, 2012

Бәсекелес Митт Ромни болуы мүмкін

304 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Бәсекелес Митт Ромни болуы мүмкін

Бейсенбі, 5 қаңтар 2012 7:10

АҚШ-тың Айова штатында өткен республикашылдар партиясы белсенділерінің жиынында президенттік сай­лауға кандидаттар арасынан олардың ешқайсысы басым дауысқа ие бола алмады.

Рейтер агенттігінің хабарлауынша, Пенсильвания штаты­ның бұрынғы губернаторы Рик Санторум мен Массачусетс штатының экс-губернаторы Митт Ромнидің әрқайсысы 24 пайыздан, конгрессмен Рон Пол 22 пайыз дауыс жинаған. Ал өкіл­дер палатасының бұрынғы спикері Ньют Гингрич төртінші орын алған. Оның жинаған дауысы – 13 пайыз.

Бейсенбі, 5 қаңтар 2012 7:10

АҚШ-тың Айова штатында өткен республикашылдар партиясы белсенділерінің жиынында президенттік сай­лауға кандидаттар арасынан олардың ешқайсысы басым дауысқа ие бола алмады.

Рейтер агенттігінің хабарлауынша, Пенсильвания штаты­ның бұрынғы губернаторы Рик Санторум мен Массачусетс штатының экс-губернаторы Митт Ромнидің әрқайсысы 24 пайыздан, конгрессмен Рон Пол 22 пайыз дауыс жинаған. Ал өкіл­дер палатасының бұрынғы спикері Ньют Гингрич төртінші орын алған. Оның жинаған дауысы – 13 пайыз. Қалыптасқан дәстүр бойынша Айовадағы белсенділер жиыны (кокус) АҚШ-тағы президенттік сайлау бәсекесін ашып береді. Енді республикашылдар алдында өз кандидатурасын екінші мерзімге ұсынған демократ Барак Обамаға бәсекелес болатын тұлғаны анықтау тұр. Ол 10 қаңтар күні Нью-Гэмпшир штатында белгілі болады.

ӘЙЕЛДЕН ҚУЛЫҚ АРТЫЛҒАН БА?!

Мәскеудегі бір банкте болған аса ірі көлемдегі ақша ұрлығы қылмысының беті ашылды. Құқық қорғау орган­дарының мә­лі­меттеріне қарағанда, оны сол банктің 47 жастағы қызметкері жасаған.

Тергеу амалдары барысында анық­талғанындай, қызметкер әйел өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, касса залында қойылған ақша бумаларын сол мөлшерде кесілген қағаз бумалармен алмастырған. Бұл жымысқы әрекетін ол бірнеше рет қайталаған екен. Осылайша, банктен 18,2 миллион рубль, 62 мың еуро және 53 мың доллар алып шығыпты. Бұл қылмыстық әрекет бейнебақылау камерасының көмегімен ашылған көрінеді.

ӨКІЛДІКТЕРІН КАТАРДА АШАТЫН БОЛДЫ

«Талибан» ислам қозғалысы Катар билігімен өздерінің осы елде саяси өкілдігін ашу мәселелері жөнінде бастапқы келісім жасағандары туралы мәлімдеді.

«Талибан» қозғалысының баспасөз хатшысы Забиулла Мод­жахедтің хабарлауынша, Доха қаласында орналасатын офисті Ауғанстандағы әскери қимылдарды тоқтату мақсатында келіс­сөздер жүргізу үшін пайдаланады. «Қазіргі кезде біз шет мемлекеттерде өз өкілдіктерімізді ұстауға әзірміз, – деді ол. – Бұл халықаралық қоғамдастықпен өзара түсіністікті қамтамасыз ету үшін қажет. Осыған байланысты біз Катар елімен түсіністікке қол жеткізіп отырмыз». «Талибан» қозғалысы, сондай-ақ талибтермен байланысы бар деп сотталғандарды АҚШ-тың Гуантанамо түрмесінен босатуға шақырды.

КЕМЕ АПАТТЫ ЖАҒДАЙДА ҚАЛДЫ

Ресей мемлекеттік теңіз-құтқару ор­талығының хабарлауынша, Куриль арал­­дары маңында апатты жағдайға ұшы­раған «Ирина» кемесінде 150 тон­наға жуық мұнай өнімдері және 560 тонна мұздатылған балық бар екен.

«Ирина» кемесі Охот теңізінен Вла­дивостокқа келе жатқанда қатты толқын ұруы салдарынан осындай жағдайға тап болған еді. Қозғалтқышы өшіп, кемеге су кіре бастағанда, кеме капитаны 19 адамнан тұратын экипаж мүшелерін көшіру туралы шешім қабылдаған. Оларға «Татарстан» көлік рефрижераторы көмекке келіп, экипаж мүшелерін құтқарып қалған. Соңғы мәліметтерге қарағанда, «Ирина» кемесіне Сахалин портынан «Атлас» құтқару кемесі көмекке бара жатыр.

ОНЛАЙН ЖҮЙЕСІМЕН САТАМЫН ДЕП…

Қытайда пойыз билеттерін жаңа онлайн жүйесі бойынша сату жолаушыларды едәуір қиындықтарға тап кел­тіріп отыр. Оған қаңтар айының соңына қарай мере­келенетін жаңа жылға байланысты пойыз билеттеріне сұраныстың еселеп артуы себеп болған.

Қытай елінде 23 қаңтардан бастап бір апта бойы көктем фестивалі (жаңа жыл) кеңінен тойланады. Осы кезде жолаушылар қозғалысы аса көп болады. Сондай-ақ қалааралық қоғамдық көліктерді пайдаланушылар саны 200 миллионнан асады деп күтілуде. Тиісті министрлік бастапқыда онлайн жүйесі арқылы билет сату ұзын-сонар кезекті азайтуға ықпал етеді деп есептеген көрінеді. Ал нәтижесінде, көптеген азаматтар билет құнын төле­генмен, жолаушылар тізіміне енбей қалған. Министрлік бұл проблеманы 15 жұмыс күні ішінде шешуге уәде беріп отыр.

АНАСЫМЕН ЖОЛЫҒУҒА МҮМКІНДІК БЕРДІ

Украинаның бұрынғы премьер-ми­нис­трі Юлия Тимошенконың қызы Евгенияны Харьков қаласындағы Качанов түзеу колониясында жазасын өтеп жатқан анасымен кездесуге рұқсат етті. Оған рұқсатты Ю.Тимошенконың адвокаты Сергей Власенконың өтініші бойынша Украина қауіпсіздік қызметінің тергеушісі берген.

Евгенияның анасына аптасына екі рет, ал адвокатының тұрақты жолығып тұруына мүмкіндік жасалған. Бұдан бірер күн бұрын кіші Тимошенкоға рұқсат қағазы жоқ болғандықтан, анасымен жолығуына бас тартылған еді. Украина экс-премьерінің Ресеймен газ келісімін жасау кезінде өз өкілеттік лауазымын асыра пайдаланды деген айып тағылып, 7 жыл мерзімге сотталғаны белгілі.

ОППОЗИЦИЯ ҚЫСЫМ ЖАСАУҒА ШАҚЫРДЫ

Свазиленд елінің оппозициясы Соса-Соla корпорациясын осы мемлекеттің басшысы, король Мсвати ІІІ-ке елде саяси реформалар жүргізу үшін қысым жасауға шақырды. Оппозиция белсенділерінің бірі – Лаки Лукеленің мәлімдеуінше, Мсвати билігінің «апартеидтен айырмашылығы жоқ».

Соса-Соla корпорациясы Свазилендінің аса ірі инвес­торларының бірі болып табылады. Ресми емес мәліметтерге қарағанда, ел бюджеті кірісінің 40 пайызы осы кор­порацияның үлесіне тиеді. Бұған дейін компанияның өкілдері Соса-Соla елдің саяси өміріне араласпайтындығын бірнеше рет мәлімдеген сияқты. Ал Свазиленд барлық саяси партияларға тыйым салған монархиялы ел болып табылады. Елге 44 жастағы Мсвати ІІІ 1986 жылдан бері билік жүргізіп келеді.

Интернет материалдары негізінде әзірленді.