Аймақтар • 26 Ақпан, 2019

Семейдегі әуежайға Мұхтар Әуезовтың аты беріле ме?

429 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазір өңір жұртшылығы Семейдегі әуежайға қай тұлғаның атын беру керек деген мәселені қызу талқылап жатыр. 

Семейдегі әуежайға Мұхтар Әуезовтың аты беріле ме?

Жақында Өскеменде өткен облыс әкімі Даниал Ахметовтің халыққа есеп беру кездесуінде Қазақстан Жазушылар Одағы Семей қалалық филиалының директоры Мерей Қарт: «Әуежай ел мен елдің, жер мен жердің арасын жалғайтын үлкен күшке айналды.

Семей қаласының әуежайы күрделі жөндеуден өткізілгені үшін қала тұрғындарының атынан алғыс айтамыз. Әлемдік тәжірибені алып қарар болсақ, Франциядағы әуежай Шарль де Голльдің атында, Астанадағы әуежай Елбасының атында.

Енді осы Семейдегі әуежайға Семейден шыққан ұлы тұлғалардың есімін беруге қалай қарайсыз?» деп әкімге сұрақ қойған болатын. Бұл сауалға аймақ басшысы «Семейде Ұлы Абайдың аты берілген нысандар жетерлік. Абай музейі, Абай театры, Абай кітапханасы бар. Оның үстіне «Абай Арена» мәдени-спорттық кешені салынып жатыр. Шәкәрімнің атында да көше, жоғары оқу орны бар. Сондықтан әуежайға ат беруді қоғам болып ақылдасуымыз қажет. Ұсыныс өте орынды. Бұл ретте біз жерлесіміз, ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің есіміне назар аударуымыз керек сияқты» деп жауап берген-ді.

Азамат ҚАСЫМ,

 «Egemen Qazaqstan»

ӨСКЕМЕН