Аймақтар • 26 Ақпан, 2019

Ондасын Оразалин мектеп пен балабақшаларда алдын алу жұмыстарын жүргізуді тапсырды

1030 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлеуметтік желіде балабақшаның тәрбиешісі балаларға қарсы күш қолданып жатқаны туралы бейне таратылуда. Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ондасын Оразалин мектеп пен балабақшаларда алдын алу жұмыстарын жүргізуді тапсырды

Бұл оқиға 2018 жылдың қыркүйек айында Бадамша ауылындағы «Айгөлек» балабақшасында болғанын хабарлаймыз. Оқиғадан кейін тәрбиеші  жұмыстан шығарылды, балабақша меңгерушісі тәртіптік жазаға тартылды. 

Сонымен бірге Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин бұл мәселені ерекше бақылауында ұстауды Полиция департаментіне тапсырды. Ал Білім басқармасына және аудан әкімдіктеріне мұндай жағдайдың қайталануына жол бермеу үшін облыстың барлық мектеп және мектепке дейінгі мекемелерінде барлық қажетті шараларды қабылдауға, тиісті алдын алу жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Ақтөбе облысының Полиция департаментінің хабарлауынша, болған оқиғаның барлық мән-жайларын нақтылау үшін ҚР Қылмыстық кодексінің «Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу туралы міндеттемесін орындамау» туралы 140-бабының 2-бөлігі бойынша алдын ала тергеу жұмыстары басталды.