27 Ақпан, 2019

Елдіктің еңселі қадамдары

555 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

Астанада «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезінің қарсаңында аймақтардан жиналған партия мүшелеріне арналған тақырыптық сессиялар өтті. Қазіргі уақытта еліміздің ең ірі саяси ұйымының барлық өңірлерде 1 млн-нан астам азаматтың басын қосатын 247 филиалы және 5600 бастауыш партия ұйымдары жұмыс істейді. 

Елдіктің еңселі қадамдары

Соңғы жылдары ғана оның нәтижесі бойынша партияға 140 мың өтініш түскен. Бұл – партияның 20 жылдық тынымсыз еңбегінің жемісі. Сондықтан саяси ұйымның 2030 жылға дейінгі бағдарламасында Мемлекет басшысы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмалары мен мемлекеттік маңызды бағдарламаларды жүзеге асырудағы партияның рөлі нақты көрсетілген. 

Съезд қарсаңындағы бес сес­сияның бірі Назарбаев Уни­верситетте «Білім сапасын, азаматтардың әлеуметтік қор­ғалу деңгейін арттыру, жастар­ды қолдау» тақырыбымен өт­ті. Бұл жиынды «Нұр Отан» пар­тиясының хатшысы Фархад Қуан­ғанов жүргізіп отырды. 

Іс-шарада баяндама жаса­ған Білім және ғылым, Ақпар­ат және қоғамдық даму министр­ліктерінің өкілдері Елбасы тап­сыр­­маларының және мемле­кеттік бағдарламаларды оры­н­­­даудағы «Нұр Отан» партия­сы­ның рөліне байланысты мәлі­меттерімен бөлісті. 
Сондай-ақ Еңбек және ха­лықты әлеу­меттік қорғау ми­нистр­лігінің өкілі мемле­кеттің әлеу­меттік саясатының негіздері бойынша баяндама жасады. 

Ал «Дені сау адамдардың мықты ұлтын қалыптастыру» атты сессияда Елбасы Жол­дауын­дағы тапсырмаларды оры­ндау шаралары, еліміздегі меди­цина дең­ге­йін көтеруге бағыт­талған жұмыстар талқы­ланып, қоғам­дық денсаулықты нығай­ту, мін­детті әлеуметтік-медици­налық сақтандыру жобаларының жүзеге асуы туралы айтылды. 

Отырысқа Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, Мәжі­ліс депутаттары, Мәдениет және спорт министр­лігі, «Ұлт­тық ғы­лы­ми кардиохирургия ортал­ы­ғы» басшылары қатысты. 

Елжан Біртанов денсаулық сақ­тау саласын цифрландыру мақсатында медицина ұйым­дарын ақпараттық жүйе­лермен қамту жұмыстары жүргізіліп жат­қанынан хабардар етті. Осы мақсатта емханаларда құжат­тамаларды электронды форматқа көшіру жолға қойылған.

Сонымен қатар министрлікке дәрігер­лердің жүктемесін азайту үшін жаңа учаскелер ашу міндеттелген. 

– Елімізде 15 медицина уни­­вер­ситеті бар. Жыл сайын ун­и­­вер­­ситеттердің мың­даған түле­гі дәрігерлер қатарын толық­­­ты­рып отырады. Алайда ауру­­хана­лардағы кезек азаяр емес. Халық үнемі толассыз кезекке ша­ғым­­данады. 

Бұл – дәрігер­лер­­­д­ің жүкте­месінің көптігінің дә­ле­лі. Прези­дент тапсырмасымен жүйелі шаралар қамтылған ке­шен­­ді жоспар әзірледік. Осы орай­­да дәрігер жүктемесін азай­туға не­­­гіз­­­делген жаңа жүйе қол­ға алын­­­­ды. Былтыр 2000 жаңа учас­­ке ашып, кезекті азай­туға мүм­­­кін­дік алдық. Негізгі меже­міз – 2700 учаске ашу, – деді Е.Біртанов. 

Жиын барысында тауарлар мен қызметтердің сапасын бақы­лайт­ын комитет құры­латыны мәлім болды. 

Президент жанындағы Мем­лекеттік басқару академиясында өткен «Жаңа үлгідегі мемлекеттік аппаратты қалып­тастыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру» тақырыбындағы сессияда Мемлекет басшысының қаты­суымен өтетін «Нұр Отан» партиясының ХVІІІ съезінде қозғалатын, партияның 

«Аза­мат­тардың мүддесі үшін мемле­кет­тің тиімділігін арттыру» жобасы аясында мемлекеттік қызмет көр­сетуді реформалау мен жаң­ғыртудың өзекті мәселелері талқыланды.

Жиынға мемлекеттік қыз­мет істері және сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-қимыл агент­тігі төрағасының орынбасары Олжас Бектенов, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министр­лігі, Жамбыл, Батыс Қазақ­стан облыстарынан келген 150-ге жуық делегат қатысты. 
Жиынды ашқан Мәжіліс депутаты, партияның «Мемлекеттік қызмет көрсету» бағыты бойынша партиялық кураторы Майра Айсина «Нұр Отан» партиясының 20 жылдық мерейлі мерекесімен құттықтады. 

– Бүгінде «Нұр Отан» партиясы еліміздің жетекші партиясына айналды.Партия­ның аймақтарда 240 филиалы қар­қын­ды жұмыс істеп жатыр. Съезд қарсаңында сіз­дермен бірге мемлекеттік ап­паратты қа­лыптастыру және мем­лекеттік қыз­меттерді автоматтандыру мәсе­лелерін талқылау үшін жиналып отырмыз, – деді ол.

Өз кезегінде сөз алған Индус­трия және инфра­құры­лымдық даму министрі­нің орынбасары Қайырбек Өскенбаев бүгінде республика бойынша 487 мың адам пәтер кезегінде тұрғанын атап өтті. 

– Олардың тұрғын үй мәсе­лесін толық шешу үшін 4 триллион 887 миллиард теңге керек. Ол үйлерге инфрақұрылымдар жү­йе­сін жүргізуге қомақты қара­жат қажет, – деді вице-министр.

Қатысушылар мемлекеттік басқару­дың тиімді жүйесін қалыптастырудағы партияның атқаратын айрықша рөлін атап өтті. Сондай-ақ өкілетті мем­­ле­­кеттік органдардың бас­шы­лары партияның жаңа бағдар­ламасының жобасында көр­сетілген мақсаттарын іске асыру, жүргізіліп жатқан жұмыс­тарды жетіл­діру бойынша өз ұсыныстарымен бөлісті.

«Мемлекет басшысы Жол­дауында, бес әлеуметтік бастамада атап өткен және «Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі бағдарламасында көзделген тапсырмаларды іске асыру аясында экономикалық өсімнің жаңа үлгісін қалыптастыру, халықтың кірістерін және өмір сүру сапасын арттыру» тақырыбында өткен жиынға Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Павлодар облыстары және Шымкент қаласынан келген 200-ге жуық делегат, Мәжілістегі партия фракциясының депутаттары, Ұлттық экономика, Қаржы және Энергетика министр­лік­терінің, «Атамекен» Ұлттық кәсіп­керлер палатасының басшылары қатысты. 

Сессия жұмысын ашқан Мәжіліс депутаты, партияның сайлауалды бағ­дарламасының «Кәсіпкерлікті қолдау» бойынша кураторы Мейрам Пішембаев партияның 2030 жылға дейінгі бағдар­ламасы ұйымның проак­тивті әлеуметтік саясатқа көшу идеясын ілгерілететінін, макро­экономикалық саясатты сақтау шараларын іске асыратынын, техноло­гиялық модернизация­ны және ұлттық экономиканы цифрландыруға серпін бере­тіндігін атап өтті.

Өз кезегінде жиында баяндама жасаған Мәжіліс депутаты Альберт Рау партияның 2030 жылға дейінгі бағдарламасының негіз­гі мақсат-міндеттеріне тоқ­талды. 

– Ең күрделі кезеңде Елбасы «қиын болады, бірақ біріге оты­рып, осының бәрінен аттап өте­міз» деп серт берген е­ді. Бү­гінде күні өткенге көз тас­­тай отырып, өте көп еңбектің жасалғанын, ең алды­мен Елбасының уәдесі жерде қалмағанын көреміз. Бізді кейде «алдымен экономика, содан кейін саясат» деген қағидат үшін сынап жатады. Бірақ, экономикалық өсім барда әлеуметтік мәселелерді шешу оңайға түсетіні рас екеніне келісетін боларсыздар. Біздің алдағы он жылдағы мақсат – әрбір қазақстандықтың өмір сапа­сын арттыру бағытында еліміз­ді жүйелі түрде жаңғырту, – деді А.Рау. 

Ал Ұлттық музейде Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларында айтылған идеялары төңірегінде азаматтардың бірігуі тақырыбын қамтыған сессия өтті. 

Жиынға Мәжіліс депутаттары, Мәдениет және спорт, Ақпарат және қоғамдық даму министрліктері және басқа да ұйымдар мен мекемелердің басшылары қатысты. 

Отырысты ашқан Мәжі­ліс депутаты Бекболат Тілеу­хан «Рухани жаңғыру» бағдар­ла­масының жүзеге асырылуын қадағалауды Елбасы «Нұр Отан» партиясына тапсырды», деді.

Өз кезегінде Мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова «2017 жылдан бас­тап әлеуметтік жаңғыруға бағыт алдық. Оның негізі Мемлекет басшысының қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталған жал­пы­ұлт­тық «Рухани жаңғыру» бағ­­дарламасы және «Ұлы дала­ның жеті қыры» атты еңбегі болды. Осы тұста, Мәдениет және спорт министрлігі ең алды­мен мәдениет пен өнердің барлық сала­лары мен бағыттарын бел­сенді өзгертуге бағдар­ланған мәде­ни, саяси тұжырым­дамасын қабылдап оны жүзеге асырып келеді», деп атап өтті. 

Өз кезегінде «Нұр Отан» партиясы жанындағы саяси менеджмент академиясының директоры Жанар Боқанова партияның позициясын нығайту жөніндегі негізгі факторлар туралы айтып берді. 

Серік ӘБДІБЕК,

Мәдина ЖӘЛЕЛҚЫЗЫ,

Светлана ҒАЛЫМЖАНҚЫЗЫ, 

«Egemen Qazaqstan», 

Мөлдір РЫСХАНҚЫЗЫ,

студент