07 Қаңтар, 2012

Қазақ елі

485 рет
көрсетілді
18 мин
оқу үшін

Қазақ елі

Сенбі, 7 қаңтар 2012 7:57

ОСЫДАН ЖИЫРМА ЖЫЛ БҰРЫН ЕҢ ОПТИМИСТ САЯСИ САРАПШЫЛАР БОЛЖАЙ АЛМАҒАН ТАБЫСТАРҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

1991 жылы алпауыт КСРО құрамын­дағы республикалардың тәуелсіздіктерін жариялауы әлемде тосын оқиға ретінде бағаланды. Ол дүрбелең уақытта ешкім КСРО ыдырайды және құрамындағы мем­лекеттер егемен елдер болады деп ойла­ма­ған еді. Тіпті, кеңестану (советология) ғы­лымының мамандары үшін де бұл күтіл­меген оқиға болғаны хақ. Джон Хопкинс университетінің профессоры Чарльз Л.Фэрбанк 1993 жылы «Washington Times» газетіне берген сұхбатында «барлы­ғы­мыз қателестік» деп мәлімдеді.

Сенбі, 7 қаңтар 2012 7:57

ОСЫДАН ЖИЫРМА ЖЫЛ БҰРЫН ЕҢ ОПТИМИСТ САЯСИ САРАПШЫЛАР БОЛЖАЙ АЛМАҒАН ТАБЫСТАРҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

1991 жылы алпауыт КСРО құрамын­дағы республикалардың тәуелсіздіктерін жариялауы әлемде тосын оқиға ретінде бағаланды. Ол дүрбелең уақытта ешкім КСРО ыдырайды және құрамындағы мем­лекеттер егемен елдер болады деп ойла­ма­ған еді. Тіпті, кеңестану (советология) ғы­лымының мамандары үшін де бұл күтіл­меген оқиға болғаны хақ. Джон Хопкинс университетінің профессоры Чарльз Л.Фэрбанк 1993 жылы «Washington Times» газетіне берген сұхбатында «барлы­ғы­мыз қателестік» деп мәлімдеді. Мақала авторы Арнольд Бейхман болса, кеңес­тану­шылардың ешқайсысының КСРО-ның кенет ыдырауын болжап біле алма­ға­нын атап көрсетті. Ол, оның үстіне, келесі бір мақаласында аме­ри­ка­лық әлеу­меттік ғылымдар саласы маман­дарының қалайша мұндай үлкен қателік жібергендіктерін және неліктен кеңестік империяның күйрейтінін дәл уақытында болжай алмағандықтарын зерделеуде екенін көлденең тартты.

Батыс елдері үкіметтері де КСРО-ның жылдам ыдырауын алдын ала бол­жамағандары белгілі. Сондай-ақ, ішінде АҚШ-та бар, олар Орталық Азияға байланысты ұстанымдарын бастапқыда то­лық айқындап үлгермеген еді. Сондық­тан, саяси сарапшылар АҚШ және батыс елдері үшін осы жаңа дәуірдің бас кезін­де үлкен қателіктер жібермеуге абай болу­дың аса маңызды екенін атады. Олардың кейбіреулерінің пікірінше, батыс елдері тез арада сол аймақта демократия орнатамыз деп уақыт пен мал-мүліктерін ысы­рап етіп алмаулары керек. Дегенмен де, аталған сарапшылар батыс құнды­лы­қ­­тарының өлшеулі және достық негізде көтерілгені жөн болатынына, батыс ел­дері көмектерінің аймақта батыс­тық үл­гі­дегі институттардың құрылуы шартымен жасалмауы тиістігіне баса назар аударды.

Германияның Мюнхендегі «Азаттық» радиосының зерттеушісі Бесс Браун 1992 жылы жазған мақаласында Кеңес­тер Одағының ыдырауына байланысты Орталық Азия елдерінің де тәуелсіз елдер атануға дайын болмағандарын айтты. Оның пікірінше, өңір елдерінде еш­бір адам психологиялық, саяси және эко­но­микалық тұрғыдан бұған дайын емес еді. Олардың төртеуі тәуелсіз­дік­терін әл­деқашан жариялап алған еді, алайда ор­та­лықтың өз-өзін тарқатуы әсте күтіл­меген оқиға болды. Сондықтан, тәуел­сіз­діктің алғашқы жылында Орталық Азия елдеріне бұрындары тәжірибелерінде бол­­маған егемен мемлекет құру іс-қимыл­дары­мен айналысуларына тура келді.

Атақты Колгейт университетінің профессоры, Сыртқы саясат зерттеулер инс­ти­тутының қызметкері және «Қазақтар» атты монографиялық еңбектің авторы Марта Брил Олкот Орталық Азия ел­дері­не тәуелсіздіктің ешқандай күрес жүр­гіз­бестен оңай олжа ретінде келгендігін мең­зеді. Зерттеуші өзінің 1992 жылы жа­рық көрген «Орталық Азияның бола­ша­ғы» атты мақаласында жоғарыда ай­тыл­ған ойын төмендегіше сабақтады: «… Ор­талық Азия халықтарына тән қасиет­тің бірі, олардың Кеңес Одағының ыдырауынан бұрын тәуелсіздік үшін ашық­тан-ашық ұмтылыс пен талпыныс жаса­ғанын көрмейсіз. Аталған аймақ халық­тары­ның бостандық үшін күрес жүргіз­беулері, олардың тәуелсіздікті қалама­ған­дықтарынан емес. Дей тұрғанмен де, олар тәуелсіз ел болу мүмкіндік­тері­нің бар екеніне сенген жоқ».

1993 жылы “Жаңа дағдарыс аймағы” деген Лондонда жарияланған кітабында Орталық Азия бойынша британдық зерт­теуші ғалым Ширин Акынер де тәуел­сіз­дікке ұлт-азаттық күресінің нәтижесінде қол жеткізбеген Орталық Азия елдерінің жаңа дәуірдегі қиыншылықтарды жеңу барысында халыққа күш-жігер беретін, олардың ынтымақтастығын күшейтетін күрес қиыншылығын бастан өткізген қаһар­мандары, жеңіс ұрандары немесе мерекелік атап өтетін күндері болмай­тындығын тілге тиек етті.

Бесс Браун болса, жоғарыда айтылған мақаласында Орталық Азия халықтары өздерінің саяси қайраткерлерінің және зиялы қауымының тәуелсіздік жөніндегі тебіреністеріне қаншалықты қосыла алға­ны жөніндегі сұраққа жауап іздейді. Ол халықтың бетпе-бет келген қиыншы­лық­тарға байланысты толық қуанышқа бөлене алмай отырғанын төмендегіше түсіндіруге тырысады: «…Экономикалық құлдырау әкел­ген тұрмыстық деңгейдің нашарлауы тым болмағанда кеңестік шаруашылық құрылымының қайта қал­пына келтірілуін армандауға әкеліп соқ­тыр­ды. Тәуелсіздік ұғымы туралы түсі­нік­тің жалпы жоқты­ғы­на қоса, ұлт болу, Қазақстан немесе басқа да бір елдің азаматы болу туралы түсі­нік­тің болмауы жағ­дайды күрделендіріп жі­бер­ді. 1992 жылы Орталық Азия елдерінде бір ұлттың, тіпті бір этностық топтың ай­мақтық, рулық немесе жеке адам үстем­ді­гін алмастыру барысында қарқынды іл­герілеуі болған жоқ. Осы себептен, тәжік ұғымына басымдық беріп отырған Тәжік­стан­ның оңтүстік аймақтарын күйреткен қақтығыс бұрқ ете түсті».

Ал Олкотт болса, 1992 жылы қарама-қайшы пікір айтып, тәуелсіздікке бүкіл Орталық Азия халықтарының қолдау танытып отырғанын құлаққағыс етті. Оның пікірінше, тәуелсіздік оларға көз жазып қал­ған мәдени және тарихи құнды­лық­тарын қайтарып алуға мүмкіндік береді. Б.Браун Орталық Азия халықтарының ішін­де тәуелсіздіктің қазақтар үшін ерекше маңызға ие екенін, 1986 жылғы жел­тоқсан оқиғасы Қазақстанның тәуелсіз­ді­гін жариялаған күнге дәл келіп отырғанын байланыстыра сөз саптайды.

Ыдыраған КСРО-ның орнына ТМД-ның Қазақстанда әлем сахнасына келуі батыс елдері сарапшыларының назарын аударды. Атап айтқанда, «The Wall Street Journal» газеті 1991 жылғы санында Алматы қаласында бас қосқан Грузия мен Балтық жағалауы үш елінің тысындағы он бір елдің басшылары ТМД ұйымын құрған құжатқа қол қойғанын ерекше атады. Атал­ған газет­тің хабарлауынша, олар жи­на­лысқа шақы­рыл­маған КСРО Президенті М.С.Горбачевке ешқандай қызмет ұсын­бады. Ресей Пре­зи­денті Б.Н.Ельцин ТМД-ны құру туралы құжатқа қол қою үрдісін тарихи оқиға деп атады. Ол, сонымен қатар, басты қағидат ретінде әрбір елдің орталықсыз, тәуелсіз ел екенін тану дегенді айтты.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джеймс А.Бейкер бастапқыда осы жаңа құрылым­ның өміршең еместігі туралы ойда болған. Бұрын­ғы КСРО елдерінде бір апталық сапарда болып қайтқаннан кейін Вашингтонда сөйлеген сөзінде ол ТМД-ның ұзақ уа­қыт өмір сүру жөніндегі мүмкіншілігінің аз екен­дігін атап өтті. АҚШ сыртқы саясат меке­ме­сінің басшысы, мұнымен қоса, АҚШ үкі­метінің оншақты тәуелсіз мемлекетпен жеке-жеке бөлек саясат жүргізуіне тура келе­ті­нін де айтқан болатын. Оның пікірінше, қазір бұрынғы КСРО республи­ка­ларының тәуел­сіз­дік идеясымен мас бол­ған­дары соншама, олар жеке бөлінудің шынайы беделін сезін­генге дейін ортақ шаруашылық және ортақ әскери саясаттары болған қандай да бір толыққанды қауымдастықта ынтымақтаса жұмыс жүргізе алмайды.

Бүгінгі таңда Орталық Азия елдері бүкіл әлемге белгілі болып отыр. Бірақ, олар 1991 жылы тәуелсіздік алғанға дейін КСРО-ның көлеңкесінде қалған әлемге беймәлім елдер еді. Осы мәселеге баса назар аударған Джеймс Чавин «Тәуелсіз Ор­та­лық Азия» мақаласында ойын былай са­бақтайды: «…1991 жылғы желтоқсан айынан бұрын Орталық Азия республикалары Батысқа шынымен де беймәлім елдер еді, тек Кеңес Одағының алыс түкпірлерін зерттейтін аз ғана филологтар мен тарихшылар білетін. Картографтар өздерінің карталарына жалпы елу миллион халқы бар Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан секілді бес елді жедел түрде қосулары керек».

Орталық Азияның кеңестік дәуір ке­зеңін­де әлемнің басқа елдерінен оқшау қал­ғандығын 1992 жылы “Current History” журналында жарық көрген «Орталық Азия­ның ортаға шығуы» атты мақа­ла­сын­да Джордж И.Мирский былайша сипаттайды: «…әлемнің ең ескі елді мекендері бой көтер­ген аймақтарының бірі және де ең көне, сондай-ақ айтарлықтай дамыған өр­кениет­теріне отан болған Орталық Азия өткен жыл­ға дейін көп адамға қиыр және ешкім­ге қызықты емес қарғыс атқан мекен ре­тін­де елестейтін. Бұл көзқарас өткен жы­лы КСРО-ның ыдырауымен өзгерді. Бұл аймақ ендігәрі бұрынғы КСРО террито­рия­сының ең үнсіз және төзімсіз аймағы емес».

Батыс елдерінің саяси шолушылары тәуел­­­сіз­дікке қол жеткізген Орталық Азия елдерінің келешегінің не болатыны жөнін­дегі сұрақтарға жауап іздеген. Мәселен, Колгейт университетінің профессоры Марта Брил Олкотт Орталық Азияның жаңа тәуелсіз мемлекеттерінің әлемдік қоғам­дас­­тықтың толыққанды мүшесі болатын­ды­ғына күмәнмен қарады. Ол «Орталық Азия өз жолында» атты 1991 жылдың 21 жел­тоқ­санында жарияланған мақаласында КСРО-ның ресми ыдырауынан кейін бұ­рын­ғы КСРО республикаларының, оның ішін­де, әсі­ресе, Орталық Азия респуб­ли­ка­лары­ның тәуелсіздіктерін жариялауы мен заң жүзінде халықаралық тұрғыда танылулары олардың тұтастай егемен елдерге айналуына жеткілікті емес. Себебі, олардың ұлт­тық валютасы, ұлттық экономикаларын бас­қару қабілеттері, сондай-ақ өздерінің ТМД елдері ішіндегі және сыртындағы шекараларын бақылау қауқарлары жоқ, деп жазды.

Ширин Акынердің тұжырымдауынша, қандай да бір жаңа мемлекеттің келе­ше­гінде бұлыңғырлықтар болуы заңды құбы­лыс, бірақ Орталық Азия республи­ка­лары­ның тағдыры туралы сұрақ белгілері әдеттегіден көбірек.

Саяси сарапшылар Орталық Азия ел­дері ішінде Қазақстанның этностық қақты­ғыс­тар салдарынан бөлшектену ықтимал­ды­ғына баса назар аударды. Қазақстанда этностық қақтығыстар және көршілес Ор­талық Азия елдерімен болатын келіс­пеу­ші­ліктер салдарынан бөлшектену қаупі бар екенін көлденең тартқан В.Поп қазір­дің өзінде Тәжікстанда азамат соғысы жү­ріп жатқанын назарға алып, аталған ай­мақ­та ислам фундаментализмінің күшейе түсіп отырғанын және Қазақстанның Ресеймен келіспеушілікке ұрынуының да әбден ықтимал екенін атап көрсетті. Ол 1993 жылы “US News and World Report” журналында жарық көрген мақаласында: «…бүгінгі таңда орыс-қазақ байланыстары, жұмсартып айтқанда, бұлыңғыр. Қазақтар орыстарды ұлы халық ретінде емес, бағы тайған халық ретінде көріп отыр. Қазақ­тар, бұрынғы отарлаушы ел болған Ресейге астықты экспорттық өнім ретінде сатуда. Ұлғайып келе жатқан этностық теке-тірестер тікелей қақтығыстарға себеп болады. Қазақстанда жүзден астам ұлт өкіл­дері тұрып жатса, ұлт құраушы қазақ­тар халықтың 42 пайызын, орыстар оларға жақын – 40 пайызды құрайды. Ішінде Ресей вице-президенті А.Руцкой да бар кейбір орыс ұлтшылдары ресми Мәскеу орыс тілділерді, керек болған жағдайда, күш қолдана отырып қорғауға міндетті дегенді алға тартып отыр», деп жазды.

1994 жылдың 14 ақпанында «Washington Post» газетінде шыққан мақаласында Фрэд Хият Қазақстанның көк мұз құрсаулаған суық елді мекендерінде тұрақтылықтың кейбір нәзік жақтарының бар екенін көру қиын емес деген пікір білдірді. Қазақ­стан экономикасы дағдарыста екенін айтқан ол: «…жанар май табылмайды, шахтерлер мен фермерлердің жалақы­лары төлен­бей­ді, зауыттар жұмыстарын күрт азайт­қан, тұр­ғын үйлердің көбісіне жылу мен ыстық су берілмейді. Сон­дықтан да, айтар­лық­тай артта қалған Қазақстан Ресейге тәуелді болып отыр», деп жазды.

Пәкстандық журналист А.Рашид 1994 жылы жарық көрген “Орта Азия­ның тірілуі исламшылдық па, ұлт­шыл­дық ­па” атты кітабында мұндай келең­сіз ахуалдарға қарамастан, Қазақ­стан­ның басқа Орталық Азия елдеріне қарағанда шаруашылық саласында өте ұтымды саясат белгілегенін назардан тыс қалдыр­ма­ды. 1992 және 1993 жылдары Орта­лық Азия елдерінің шаруа­шы­лық дамуының негіздерін белгілі бір мөлшерде қалап үлгергенін айтқан А.Рашид Қазақстан мен Қырғыз­стан­ның осы орайда дұрыс бағыт таң­да­ғанын көрсетті. Ол Қазақ­стан­ның шаруашылық жүргізудегі рөлін былайша сипаттады: «…осы кездегі Қа­зақ­стан­ның таңдаған ұзақ мерзімді эко­но­ми­калық саясаттарының келешегі жар­қын. Елдің тәуелсіздіктен кейін қа­был­даған шешімдері шаруашылық табыс үшін дұ­рыс жол болып табылады. Міне, сондық­тан Президент Н.Назарбаев 1994 жылдың наурызындағы пар­ла­­менттік сайлауларды реформа үдері­сін жеделдету жөнінде халықтың өзіне қолдауы деп бағалады».

Ал, Өзбекстан мен Түркіменстан болса, А.Рашидтің пікірінше, бұры­лыс­тары өте қиын болатын қате жолға түссе, Тә­жік­стан КСРО кезеңінен кейінгі эконо­ми­калық бағытын әлі белгілей алған жоқ.

Батыс сарапшылары өткен кезеңде тәуелсіз мемлекеттік тәжірибесі болма­ған Орталық Азия елдерінің әлемдегі күш тепе-теңдігіне қауіп төндіретіні жө­нін­де тұжырымдар жасады. Борис З.Румер 1993 жылы мысал ретінде жақын тарихи кезеңде халықаралық саясатта тәуелсіз актер мәртебесіне ешуақытта ие болмаған олардың енді өздерінің геосаяси бағыттарын белгілеуге кірі­се­тінін мәлімдеді. Соның нәтижесінде, таяу келешекте Қытайдан Парсы шы­ғанағына дейінгі аймақта саяси және әскери тепе-теңдіктің өзгеру қаупі туындайды, деді ол.

Осы ретте, батыс елдерінің кейбір саяси сарапшылары Орталық Азия ай­ма­ғының таяу арада Ресей, Қытай, Иран, Түркия, араб әлемі және батыс үлгілеріндегі демократия мен адам құқықтары тараптарының өзара ықпал ету жарысына түсетінін болжамақ болды. Олар Орталық Азияның жаңа тәуел­сіз болған республикаларының өсуіне және бұл жерге әсер ету үшін жасалған халықаралық күрестің шешуші кезеңіне куәлік етіп отырғандықтарын тілге тиек етті. Олардың пайымдауынша, бұл елдер бір таңдаудың алдында тұр, не экономикалық көмек үшін бір елдің ықпалына асығыс кіріп, қайтадан отар елге айналады, я болмаса мәселелерін өздерінің күші арқылы шешіп, тәуелсіз­дік­терін баянды түрде жалғастырады.

Қалай десек те, әлемде тәуел­сіз­діктің алғашқы жылдарында жасалған тұжы­рым­дар көбінесе Орталық Азия елдері­нің келешегінің бұлыңғыр еке­нін, сон­дай-ақ мемлекеттік тәжіри­бесі жоқ осы елдердің исламдық фун­да­мен­тализмнің ықпалына түсіп, халық­аралық тепе-теңдікке қауіп төнді­ре­тінін, этнос­тық қақ­тығыстар салдарынан, әсіресе, Қа­зақ­с­танның бөлшек­тену­ге бейім ел екен­дігін көрсетті. Алай­да, сол уақыт­тан кейінгі өткен жиыр­ма жыл бұл тұжы­рым­дарды жоқ­қа шығарды. ТМД елдерінде Қазақ­стан эко­номикалық реформалар­дың көш­­басшысы, әлемде ядро­лық қару­лардан өз еркімен бас тарт­қан, адам­зат тарихында әлемдік діндер жетекші­лері­нің басын қосып, діндер құрыл­тайын өткізген және ЕҚЫҰ-ға пост­ке­ңестік елдер мен түркі­тілдес елдер арасында төраға болған тұң­ғыш ел болып, кең ауқымды табыс­тарға қол жет­кізді. Сонымен қатар, Қазақстан Азия­дағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес, Шанхай ынты­мақтастық ұйымы, Түркітілдес елдер ынтымақтастық кеңесі секілді ма­ңыз­ды халықаралық ұйымдар­дың бой көтеруінде жетекші рөл атқарды. Сөй­тіп, Қазақстан халықаралық қаты­нас­тарда осыдан жиырма жыл бұрын ең оптимист саяси сарапшы болжай алма­ған ірі табыстарға қол жеткізді Бұл ірі табыс­тар­дың артында Н.Назарбаевтың тұрғаны айтпаса да түсінікті.

Әбдіуақап ҚАРА, Мимар Синан көркемөнер университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы, шоқайтанушы ғалым.

ТҮРКИЯ, ЫСТАМБҰЛ.