27 Ақпан, 2019

Су қоймалары қатаң бақылауда

845 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мамандардың мәлімдеуінше, Түркістан өңірінде жауын-шашын күтілген мөлшерден аз болды. Облыс аумағындағы 40 су қоймасының толу деңгейінің қазіргі таңда 60-70 пайыз болуы да біраз жайтты аңғартады. Дегенмен тиісті мекемелер су қоймаларын қатаң бақылауға алған.

Су қоймалары қатаң бақылауда

 Қар суы мен тасқын суларды жинау үшін су қоймаларын салу және реконструкциялау бойынша 26 шағын су қоймасының құрылысын жүргізу арқылы ауыл шаруашылығы айналымына жаңа 25,5 мың гектар жер енгізу көзделіп отыр. Оның ішінде, Кентау қаласындағы Шошқакөл тоғанын, Сарыағаш ауданындағы Дарбазасай су қоймасын салуға Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетіне инвестициялық ұсыныс берілген. Ал Шошқакөл тоғаны бойынша Ұлттық экономика министрлігінің оң шешімі алынды. Су қоймаларына қатысты комиссия отырысында облыс әкімі тиісті мекемелерге өңірдегі барлық су тоғандарына бақылауды күшейтуді тапсырды. «Суармалы жерлерді қал­пына келтіру бағытындағы канал­дар­дың республикалық мен­шік­ке өткіз­ілуі қажет. Облыс­та­ғы барлық су қоймалары мен тоғандардың жағдай­ына талдау жүргізілсін. Қатаң тек­се­рі­ле­ді. Қар суы мен тасқын суларды жи­нау үшін жоспарланған 26 шағын су қоймасының жобалық-сметалық құжаттарын мерзімінде әзірлеп, құрылыс жұмыстары басталуы тиіс», деді облыс әкімі Ж.Түймебаев. Сон­дай-ақ экс-облыс әкімі жаз мезгілінде егін алқаптарында су тапшылығын жою мақсатында арнайы іс-шара қабылдап, облыстың суармалы егістік алқаптарының ұлғаюын қамтамасыз етуді тапсырды.

Бұл ретте су қоймалары облыстық тө­тенше жағдайлар департаменті тара­пынан бақылауға алынған. «Өңірдегі ең үлкен Шардара су қой­ма­­сының толу деңгейі 85 пайыз болса, Көксарай су реттегішінде – 50 пайыз. Барлық су қоймалары бойынша күнделікті ақпарат алынып, мониторинг жүргіз­ілуде. Яғни су қоймаларында бос су қоры жеткілікті. Өзендердегі су деңгейі де қалыпты жағдайда. Биылғы жауын-шашын мөлшері нормадан аз. Жалпы су тасқыны қаупі жоқ. Дегенмен, барлық су көздері қатаң бақылауда», дейді Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаменті төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бас маманы Иса Елеусізов.

Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,

«Egemen Qazaqstan»

Түркістан облысы 

Соңғы жаңалықтар

Тазалыққа жұмылған жұрт

Аймақтар • Бүгін, 22:30

Сан қырлы қаламгер

Қоғам • Бүгін, 22:20

Жанған хаттан жазу оқыған

Таным • Бүгін, 22:00

«Мона Лиза» көшіріле ме?

Мәдениет • Бүгін, 21:45