07 Қаңтар, 2012

Мубарак дарға асыла ма?

364 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Мубарак дарға асыла ма?

Сенбі, 7 қаңтар 2012 7:58

Мубарактың Ирак президенті Саддам Хусейн­нің тағдырын қайталауы мүмкін.

Каирде өтіп жатқан сот процесінің бас айыптаушысы елдің бұрынғы президенті Хосни Мубарак пен басқа да айыпталушыларды өлім жазасына кесуді талап етті. Олардың қатарында Мубарактың балалары мен ішкі істер министрлігінің бұрынғы басшысы бар. Египетте өлім жазасы дарға асу арқылы жүзеге асырылады. Осылайша ереуіл кезінде адамдарды атуға тікелей бұйрық бермеген Мубарактың ирактық әріптесі С.Хусейннің тағдырын қайталау мүмкіндігі күшейіп тұр.

 

Сенбі, 7 қаңтар 2012 7:58

Мубарактың Ирак президенті Саддам Хусейн­нің тағдырын қайталауы мүмкін.

Каирде өтіп жатқан сот процесінің бас айыптаушысы елдің бұрынғы президенті Хосни Мубарак пен басқа да айыпталушыларды өлім жазасына кесуді талап етті. Олардың қатарында Мубарактың балалары мен ішкі істер министрлігінің бұрынғы басшысы бар. Египетте өлім жазасы дарға асу арқылы жүзеге асырылады. Осылайша ереуіл кезінде адамдарды атуға тікелей бұйрық бермеген Мубарактың ирактық әріптесі С.Хусейннің тағдырын қайталау мүмкіндігі күшейіп тұр.

САЯСИ ДАҒДАРЫС УШЫҒЫП ТҰР

Иракта орын алған бірнеше те­рак­тілер салдарынан қаза тапқандар саны 78-ге жетіп, жүзден астам адам жарақаттар алған.

Бағдадтың мұсылман-шейіттер тұра­тын ауданында таңертеңгі қарбалас сәтте екі күшті жарылыс болған. Арада бірнеше сағат өткенде Ирактың оңтүстігіндегі Ди-Кар провинциясында іске қо­сылған жарылғыш құрылғы 40 адамның өмірін жалмаған. Айта кету керек, Иракта елден америкалық әскерлерді әке­ту процедурасы аяқталысымен-ақ басталған саяси дағ­да­рыс бүгінде барынша ушығып тұр.

АҚШ-тың ЖАҢА ӘСКЕРИ СТРАТЕГИЯСЫ

Обама Пентагонда әскери бюджеттің қысқара­тын­дығы және сонымен бірге әскери үстемдіктің сақ­талатындығы туралы хабарлады.

Бейсенбі күні АҚШ президенті Барак Обама Пентагонда болып, онда ұзақ сөз сөйледі. Оған Ақ үй мен Пен­та­гон­ның «АҚШ-тың жаһандық көшбасшылығын қолдай отырып. ХХІ ғасырдағы қорғаныс басымдықтары» атты бір­лес­кен құжатты жариялауы себеп болып отыр. Құжатта АҚШ-тың жаңа әскери жағдайларды ескергендегі тың стра­тегиялық басымдықтары көрініс тапқан. Өз сөзінде Обама әскери бюджеттің қысқаратындығын айтып, қарулы күш­тер санының қысқаруы мүмкін екендігін де емеурінмен білдірді.

ТҮРІК МИНИСТРІ ИРАНҒА КЕЛДІ

Теһранда Иран мен Түркия сырт­қы саясат ведомстволарының басшылары Али Акбар Салехи мен Ахмед Давудоглу арасында келіссөздер өтуде.

Түрік бұқаралық ақпарат құралда­ры­ның хабарлауынша, Теһранға алдын-ала мәлімделмеген сапармен келген Түркияның сыртқы істер министрі Иран тарапымен екі жақ үшін де мүдделілік туғызатын бірқатар мәселелерді талқыламақ. Оның ішінде Таяу Шығыстағы оқиғалар мен Иранның ядролық жағ­дай­ы­на қатысты да мәселелер бар.

ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ БИІК КӨПІР

Мексикада ел президенті Фелипе Кальдеронның қатысуымен әлемдегі ең биік көпірдің ашылу салтанаты болды.

«Baluarte» деген атауға ие болған көпір Синалоа және Дуранго штаттарын жалғастыратын болады. Ел тәуелсіз­дігінің 200 жылдығына орайластырылып ашылып отырған көпірдің биіктігі 403 метрді құрайды. Ұзындығы – 1124 метр. Болашақта көпір Мексиканың Тынық және Атлант мұхиты жағалауларын байланыстыратын күрежолдың бір бөлігіне айналмақ.

КАТАРДА «ТАЛИБАН» ӨКІЛДІГІ АШЫЛМАҚ

Ауғандық «Талибан» қозғалы­сы­ның Катарда өз өкілдігін құру туралы алдын-ала уағдаластыққа қол жет­кіз­гені туралы хабарды БҰҰ қызы­ғу­шы­лықпен қабылдаған.

Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысының ресми өкілі Мартин Несирке хабарлаған. Ол қазіргі дау-жанжалды тек саяси құралдар арқылы ғана реттеуге болады деген БҰҰ-ның Ауғанстанға ықпал ету жөніндегі миссиясының мәлім­де­ме­сін келтірген. БҰҰ миссиясы бейбіт үдеріске бағытталған кез келген бастамаға қолдау білдіреді, деп атап көрсеткен ресми өкіл тұрақты өтіп тұратын брифинг кезінде.

САЙЛАУ ӨЗ МЕРЗІМІНДЕ ӨТЕДІ

Грузиядағы парламент сайлауы заңда белгілен­ген мерзімде, яғни осы жылдың қазанында өтеді деп мәлімдеген ел президенті Михаил Саакашвили.

Сондай-ақ президент сайлауға халықаралық байқау­шы­лардың неғұрлым көбірек қатысқанын қалайтынын да жет­кізген. Оның айтуынша, президент ретінде ол сайлаудың «таза» өтуіне барынша мүдделі. Грузия басшысы мем­ле­кеттің әділ де демократиялық сайлау өткізу үшін қажетті қаржы бөлетінін де атап көрсетті.

ЕУРОПАҒА ТОПАН СУ ҚАТЕРІ ТӨНУДЕ

Нидерландының солтүстік ау­­дан­дарының тұрғындары қауіпсіз жерлерге көшуге дайындалуда.

«Андреа» дауылының салдарынан өң­ір­де бірнеше күннен бері қатты жел тұрып, нөсер жаңбыр жаууда. Билік он­даған елді мекеннің топан су астында қалу қаупі бар екенін хабарлаған. Ауа райының қо­лай­сыз­дығы елдегі әуе қатынасына да нұқсан келтіруде. Амстер­дамның халықаралық әуежайында отыздан астам рейс­тердің ұшу уақыты кейінге қалдырылып отыр. Темір жол­дарға ағаштың құлауына байланысты пойыздар жүрісі кешіктірілуде. Осындай жағдай Еуропаның басқа да бірқатар елдерінде орын алып отыр.

Интернет материалдары негізінде әзірленді.