Ойын басынан қарсыластар қақпасы маңын торуылдады. Нәтижесінде «Торпедо» хоккейшісі айдында ойыншылар саны басым болып кетуіне байланысты командалық айыппен жазаланды. Осы уақытта Брэндон Боченски «Торпедо» қақпасынан саңылау тауып кетті. Ал 43-минутта Мэттью Фрэттин «Барыстың» басымдығын ұлғайта түсті. Ойынның 56-минутында қорытынды есепті Брэндон Боченски белгіледі. Есеп 4:1. «Барыс» плей-офф кезеңіндегі алғашқы кездесуінде жеңіске жетті.
Еске салайық, плей-офф кезеңі екі команданың бірінің төрт жеңісіне дейін жалғасады. «Барыс» пен «Торпедо» енді 28 ақпанда Астанада тағы бір мәрте шеберлік байқасады. Одан кейінгі екі ойын 2 және 4 наурызда матчтар Нижний Новгордта жалғасады. Алғашқы төрт кездесуде жеңімпаз анықталмаған жағдайда 6 наурызда Астанада, одан кейін 8 наурызда Нижний Новгородта ойындар болады. Алты кездесуде жеңімпаз анықталмаған жағдайда 10 наурызда соңғы шешуші ойын Астанада өтеді.