Қазақстан • 27 Ақпан, 2019

«OMV Petrom S.A.» мұнай компаниясымен жемқорлыққа қарсы бірлескен келісімге қол қойылды

304 реткөрсетілді

Ақтауда өңірлік кәсіпкерлер Палатасының алаңшасында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «OMV Petrom S.A.» компаниясымен бизнес-кездесу болып өтті.

Агенттіктің қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастыру мен кәсіперлік субъектілерін қорғауға қатысты Агенттік қызметінің жаңа басымдықтарын баса айтылған жиында бизнес-кездесу шеңберінде инвесторлар мен кәсіпкерлер белсенділік танытып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысты қолдау қажеттігі айтылды.

Облыс әкімінің орынбасары Руслан Сакеев өз кезегінде Маңғыстау облысының әкімдігі Агенттіктің бизнесті сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу бойынша бастамасын қолдайтындығын және әкімшілік кедергілер анықталған жағдайда оларды азайту бойынша өзара іс-қимылға дайын екендіктерін жеткізді.  

Жиында көрнекі құралдар арқылы «Protecting business and investments» жобасы таныстырылды. Сонымен бірге жобаның мақсаты мен міндеттеріне, жоба шеңберінде келіп түскен өтініштерге және 2018 жылдың қорытындылары жария етілді.

«OMV Petrom S.A.» компаниясының басқарушы директоры Дорин Бару өңірдегі мұнай саласын дамыту перспективалары туралы айта отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу бойынша жоба шеңберінде өзара ынтымақтастыққа дайын екендігін жеткізді.

Кездесу аумақтық департамент пен «OMV Petrom S.A.» мұнай компаниясы арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу бойынша келісімге қол қоюмен аяқталды.

Айта кету қажет, облыста жалпы құны 1 трлн 258 млрд 610 млн 212 мың теңгені құрайтын 18 компанияның жобаларын сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу жүзеге асырылуда.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Egemen Qazagstan»

Маңғыстау облысы

Соңғы жаңалықтар

Барлық мәселе ашық айтылды

Аймақтар • Бүгін, 06:56

Тендерді майшелпек көреді

Саясат • Бүгін, 06:55

Туризм – табыс көзі

Парламент • Бүгін, 06:53

Қиырдағы қайырымды қазақ

Қоғам • Бүгін, 06:45

Музыкалық мәдениет – мектептен

Руханият • Бүгін, 06:36

Азияның үздігі атанды

Ауыр атлетика • Бүгін, 06:30

Ұқсас жаңалықтар