Спорт • 27 Ақпан, 2019

Алматыда әуесқой волейболшылардың жарысы өтті

564 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдағы Қазақтың Спорт және туризм академиясында волейболдан әуесқойлар арасында «Үміткерлер кубогы» өтті.  

Алматыда әуесқой волейболшылардың жарысы өтті

Айтулы жарыста студенттер, түрлі компаниялар, кәсіпорындар, мекемелер және бірқатар оқу орындарының өкілдері бақ сынады. Барлығы – 32 команда.  Әр топта бірінші және екінші орын алған ұжымдар финалдық сайыста күш сынасу құрметіне ие болды. Дәл сол командалар «Көктем -2019» деп аталатын Алматы қаласы мен Алматы облысының тұңғыш чемпионатының жолдамасына иелік етіп отыр.  

Қазақтың Спорт және туризм академиясында өткен айтулы жарыс үш күнге созылды. Ойыншылар таңертеңнен кешке дейін ойын алаңдарында тер төкті. Айтулы дода «JMI» клубының жеңісімен аяқталса, екінші және үшінші орындарды «L-CAPITAL» ұжымы мен ҚР ҰҚК-нің Шекара қызметі командасы олжалады. Енді волейбол жанкүйерлері көтемде қайта қауышатын болады.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»