Жамбыл облыстық әкімдігі туризм басқармасының хабарлауынша, фильмді 2018 жылдың қазан айында Таразда өткен «ASPARA Fashion Week» халықаралық сән апталығы кезінде FNL Network телеарнасының директоры Рокко Лео Галиоти түсірген.
«Сән - тек киім ғана емес, ол бизнес әрі туризм. Менің телеарнамды Америка, Канада, Жапония, Англия, Германия, Аустрияда көрсетеді. Менің телеарна президенті ретіндегі басты міндетім - ел мәдениеті мен моданы бүкіл әлемге паш ету», - деген болатын сол кезде Галиоти.
Жуырда FNL Network халықаралық телеарнасының директоры Рокко Лео Галиоти Лос-Анджелесте өткен American Testing Award салтанатты марапаттау рәсімінде Тараздың көрікті орындары туралы әңгімелейтін фильмі үшін бас жүлдені жеңіп алды.
Галиотидің айтуынша, ол Тараздан гөрі Мальдив немесе Бали туралы түсірілген фильмдер бас жүлдені алуы мүмкін деп ойлапты. Алайда көрермендер мен қазылар алқасын Қазақстанның ежелгі қаласына ғашық ете алған фильм бәрін басып озды.