Қазақстан • 27 Ақпан, 2019

Бүгін «Нұр Отан» партиясының XVIII съезі өтеді (фоторепортаж)

753 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін елордада Тәуелсіздік сарайында Елбасының қатысуымен «Нұр Отан» партиясының XVIII съезі өтеді. 

Бүгін «Нұр Отан» партиясының XVIII съезі өтеді (фоторепортаж)

Суреттерді түсірген: Ерлан ОМАР

Онда партияның 2030 жылға дейінгі жаңа бағдарламасын талқылау, партия Жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу, партиялық органдардың есебін тыңдау және партия Саяси кеңесінің құрамын жаңарту жоспарланған. Қазіргі уақытта еліміздің ең ірі саяси ұйымының барлық өңірлерде 1 млн-нан астам азаматтың басын қосатын 247 филиалы және 5600 бастауыш партия ұйымдары жұмыс істейді. 

Естеріңізге сала кетсек, кеше аймақтардан жиналған партия мүшелеріне арналған тақырыптық сессиялар өтті.