СҚО әкiмi Құмар Ақсақаловтың айтуынша, бюджеттен бөлiнiп жатқан қаражат қомақты, сондықтан тиiстi бақылау жұмысын жүргiзу керек. Өңiр басшысы бұл жұмысты жүргiзудi «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалына ұсынды.
«Нұр Отан» партиясына қоғамдық бақылау жүргiзуге шақырамын. Басқа ауданның депутаттары жөнделiп жатқан мектептерге барып, жұмысқа баға берсiн. Мысалы, мектептерге пластикалық әйнектер орнатылады. Жылу шығынын анықтайтын арнайы құрылғылардың көмегiне сүйенсiн. Бiз бюджетте мектептердi күрделi жөндеуден өткiзуге көп қаржы бағыттадық. Оқушылар мен ата-аналар жөндеуден кейiн айырмашылықты сезiну керек. Облыстағы оқушылардың 50 пайызы жаңартылған мектептерде оқитын болады» дедi Құмар Ақсақалов облыстық әкiмдiктiң отырысында.