16 Қаңтар, 2012

Шетелдердегі қазақстандықтар да өз таңдауларын жасады

283 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Шетелдердегі қазақстандықтар да өз таңдауларын жасады

Дүйсенбі, 16 қаңтар 2012 7:30

РЕСЕЙ

Ресейдің Мәскеу, Санкт-Петербург, Калининград, Омбы, Астрахань қала­ларында Қазақстан Парламенті Мәжілі­сінің депутаттарын сайлау үшін сайлау учаскелері ұйымдастырылған. Соның бірі – Мәскеудегі Қазақстан елшілігінің жанындағы №143 сайлау учаскесі. Ол жергілікті уақыт бойынша 7.00 сағатта (Астана уақыты бойынша бұл 9.00 сағат) сайлаушыларға есігін айқара ашты. Мұнда 500-ге жуық қазақстандық дауыс беруге тиіс. Олардың көбі студенттер мен жоғары әскери оқу орындарының курсанттары, сондай-ақ елшілік қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері.

 

Дүйсенбі, 16 қаңтар 2012 7:30

РЕСЕЙ

Ресейдің Мәскеу, Санкт-Петербург, Калининград, Омбы, Астрахань қала­ларында Қазақстан Парламенті Мәжілі­сінің депутаттарын сайлау үшін сайлау учаскелері ұйымдастырылған. Соның бірі – Мәскеудегі Қазақстан елшілігінің жанындағы №143 сайлау учаскесі. Ол жергілікті уақыт бойынша 7.00 сағатта (Астана уақыты бойынша бұл 9.00 сағат) сайлаушыларға есігін айқара ашты. Мұнда 500-ге жуық қазақстандық дауыс беруге тиіс. Олардың көбі студенттер мен жоғары әскери оқу орындарының курсанттары, сондай-ақ елшілік қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері.

ҰЛЫБРИТАНИЯ
Мұндағы сайлау учаскесі Лондон қаласының орталығында орналасқан ҚР елшілігінің жанынан ұйымдастырылды. №122 сайлау учаскесі жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 7.00-ден бастап жұмыс істеді. Оның есігі кешкі сағат 8.00-ге дейін сайлаушылар үшін ашық болды. Сайлау учаскесінде талапқа сай дауыс беру кабинасы тиісті құралдармен жабдықталған.
Сайлау комиссиясының төрағасы Арман Нарбаевтың айтуынша, таңғы шақтың өзінде 50-ге жуық адам келіп, дауыс беріп үлгерді. Дегенмен, мұндағы сайлаушылардың тізімі аз емес. Олар бірнеше мың қа­зақ­стандықты құрайды.

ТҮРКИЯ
Анкарадағы №230 сайлау учас­ке­сінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауға дауыс берушілер жер­гілікті уақыт бойынша таңғы сағат 7.00-ден бастап келе бастады. 14.00 сағатта 165 адам дауыс беріп үлгерді. Бұл мұн­дағы жалпы сайлаушы­лардың 54 пайызын құрайды.
Анкарада тұратын қазақстандық азаматтармен қатар, сайлау учаскесіне бас­қа да қалалардан, атап айтқанда, Эскишехир, Конья, Кайсери  және басқа да қа­ла­лардан сайлаушылар келіп дауыс берді.
Жоғары лигада ойнайтын қазақстандық футбол командасы осы сәтте Анталия қаласында жаттығу ойындарын өткізіп жатқан болатын. Олар да өз дауыстарын жоғарыдағы сайлау учаскесі арқылы беруді өтінген екен. Спортшылардың бұл тілегі қанағаттандырылып, олар да сайлаушылар тізіміне тіркелді.

АВСТРИЯ
Вена қаласындағы Қазақстан Республикасы елшілігінің ғимара­тын­да ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарын сай­лау­ға дауыс беруді ұйым­дастыру үшін №118 сайлау учаскесі ашылған. Сайлау комис­сия­сының құрамында жеті адам жұмыс істейді. Учаске сайлау заңды­лы­ғына толық жауап бере алатын техникалық құралдармен жабдықталған.
Сайлаушылар тізіміне Австрияда тұратын немесе осы елге уақытша келген 100-ден астам қазақстандық азамат тіркеліпті. Олар­дың арасында қаладағы халықаралық ұйымдар­дың қызмет­керлері, қазақстандық дипломаттар мен олардың отбасы мүшелері, бизнес өкілдері мен студенттер бар. Сайлауға бірінші рет қатысатындарға ескерткіш сыйлықтар әзірленген.

БЕЛАРУСЬ
Минскідегі Қазақстан елшілігінің ғимаратында орналасқан №141 сайлау учаскесі жергілікті уақыт бойынша таң­ғы сағат 7.00-ден бастап жұмыс істеді. Осыдан үш сағаттай уақыт өткен кезде «Хабар» агенттігінің Минскідегі тілшісі Виктория Косенюктің хабары бойынша сайлаушылардың 60 пайызға жуығы дауыс беріп үлгерді.

ВЕНГРИЯ
Будапештегі Қазақстан елшілі­гіндегі №121 сайлау учаскесінде жер­гілікті уа­қыт бойынша 13.00 сағатта осы елде тұ­ратын 65 Қазақстан азаматы дауыс берді.
Қалыптасқан дәстүр бойынша кәме­лет жасына толып, бірінші рет дауыс берушілерге еліміздің шет елдегі өкілдігі атынан ескерткіш сыйлықтар тапсырылды. Осындай сый­лық­тардың бірін алушы 1-курс студенті Уәлихан Әбдіразақ Венгрияның жоғары оқу орнында халықаралық бизнес жүргізу ісінен дәріс алып жүр. «Бүгін мен үшін ерекше күн. Мен өмірімде бірінші рет Парламент сайлауына қатысып отырмын.

ИЗРАИЛЬ
Бұл елде Қазақстанның Тель-Авив­тегі елшілігінің ғимаратында сайлау учас­кесі ашылды. Консулдық есепте сай­лаушы ретінде 30-дан астам қазақ­стандық азамат тіркелген. Олар түгелге жуық таңғы са­ғаттардың өзінде-ақ дауыс беріп үл­герді. Бірінші болып сайлау учаскесіне студенттер келді. Сайлау учаскесінің қызмет­кер­лері сайлаушылар белсенді­лігі­нің өте жоғары болғандығын айтты.

ПӘКСТАН
Исламабадтағы №138 сайлау учаскесінде жергілікті уақыт бойынша 19.00 сағатта 43 адам ҚР Парламенті Мәжілісінің сайлауына қатысып, дауыс берді. Олардың 33-і сайлаушылар тізіміне алдын ала тіркелген болса, 10 адам қосымша тізіммен дауыс берді.

ҚЫРҒЫЗСТАН
Қазақстандағы Парламент сайлауына ел азаматтарының қатысып, өз дауыстарын беруіне Қырғызстанда да жағдай жасалды. Бішкектегі Қазақстан елші­лігінен сайлау учаскесі ұйымдас­ты­рылды. Мұнда тек осы елде тұрып жатқан Қазақстан азаматтары ғана емес, сонымен қатар, әртүрлі себептермен сайлау күні Бішкекте және басқа да жерлерде уақытша жүрген қазақ­стандықтар дауыс берді. Олардың барлығына да конституциялық құқын пайдалануына толық жағдай жасауға елшілік қызметкерлері тиісті көмек көрсетті.
Әзірлеген Сұңғат ӘЛІПБАЙ.