Жұмысқа орналасу үшін Халықты жұмыспен қамту орталығына келіп тіркелу керек. Азаматтар өзімен бірге жеке куәлік, еңбек кітапшасы, білімі туралы диплом, біліктілігі және арнайы білімі немесе кәсіби дайындығы бары туралы құжатты тапсыруы керек. Бұдан кейін түйіндеме enbek.kz порталына орналастырылады. Содан соң кандидатқа сұранысқа ие мамандықтардың әр түрлі нұсқалары ұсынылады.
«Жұмыс іздеп жүрген жандарға жұмыстан бөлек қысқа мерзімді оқу ұсынамыз. Мұндай оқыту дипломы, біліктілігі жоқ немесе мамандығын ауыстырғысы келетіндерге арналған. Оқу таңдаған мамандығына қарай 1 немесе 3 айға созылады. Одан кейін оқудан өткен маман егер өз ісін ашқысы келсе, соған құрал жабдық алғысы келсе, мемлекеттік грант алуға өтініш бере алады», – дейді Астана қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығының баспасөз хатшысы Дана Тұрғынова.
Жыл басынан Астанада 408 адам тұрақты жұмысқа орналастырылған.