Қалалық iKomek орталығының операторлары қар мен мұз салдарынан болатын су басу оқиғаларын болдырмау мақсатында су астында қалған орындарды суретке түсіріп, материалдарды санитарлық тазалауға жауапты қалалық қызметтерге жібереді.
«Осылайша, 2018-2019 жылдың қысқы маусымында бейнебақылау операторларынан қарды тазалауға қатысты 88 өтінім келіп түсті. Қазір бұл бағытта жұмыстар қарқынды түрде жүргізілуде», – делінген хабарламада.
Қала тұрғындары қардан, мұздан, сүмелектен тазартуды қажет ететін жерлердің мекенжайларын көрсете отырып, фото/бейнематериалы бар өз өтініштерін iKomek орталығына келесі жолдармен жолдай алады.