27 Ақпан, 2019

«Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезіне 1179 адам қатысып жатыр

982 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысумен «Нұр Отан» партяисының XVIII съезі басталды.

«Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезіне 1179 адам қатысып жатыр

Съезд алғысөзін «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев бастады. Бүгінгі жиын партияның 20 жылдығы қарсанында партия жұмысын қортындылау, болашақ мақсаттарды айқындауға арналған.

Жиынға Парламент депутаттары, мемелекеттік мекемелердің басшылары, дипломатиялық корпус өкілдері мен БАҚ өкілдері қатысып жатыр. Қатысушылардың саны – 1179 адам. 

Съезд пария құрамына дауыс берумен басталды. Мәулен Әшімбаевтың мәлімдеуінше, бүгінгі съезде төрт мәселе қарастырылмақ.

Естеріңізге сала кетсек, қазіргі уақытта еліміздің ең ірі саяси ұйымының барлық өңірлерде 1 млн-нан астам азаматтың басын қосатын 247 филиалы және 5600 бастауыш партия ұйымы жұмыс істейді.