«Pouya Air» авиакомпаниясы 2019 жылдың көктемгі-жазғы навигация кезеңінен бастап алғаш рет Ақтау - Горган бағытында тікелей халықаралық рейстерді орындауды жоспарлап отыр. Рейстер жиілігі аптасына 2 рет Embraer-145 әуе кемесімен орындалмақ. Рейстерді ашу алдағы уақытта Қазақстан мен Иран арасындағы өзара сауда-экономикалық қарым-қатынасты дамытуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ Ақтау қаласының әуежайына келіп кететін жолаушылар ағынын арттырады.