Парламент • 21 Желтоқсан, 2016

Сенат отырысының күн тәртібі келісілді

6464 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының бюросында 2016 жылғы 22 желтоқсанда болатын палата отырысының күн тәртібі келісілді, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Сенат отырысының күн тәртібі келісілді

Сенаторлар «Пробация туралы», «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы», «Қар­сы барлау қызметі туралы» заң жо­балары мен бірқатар өзге заң­дар­ға түзетулер енгізуді көздей­тін ілеспе заң жобаларын қарайды.

Күн тәртібінде «Волонтерлік қызмет туралы» заң жобасы мен заңнамаға бәсекелестік және тұрғын үй құрылысын мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша түзету­лер де бар.

Бюрода Мәжілістен түскен заң жобалары салалық комитеттерге бөлініп берілді.

Қазақстан мен Иран арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы бойынша бас комитет болып Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті белгіленді.

Экономикалық саясат, иннова­циялық даму және кәсіп­керлік комитеті «Қазақстан Респуб­ликасы­ның кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестік және тұрғын үй құрылысын мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын одан әрі пысықтаумен айналысатын болды.