Атамбаев авиабаза орналастырудан бас тартты
Сейсенбі, 25 желтоқсан 2012 7:23
Қырғызстан президенті Алмасбек Атамбаев Бішкек халықаралық әуежайы тек қана азаматтық нысан болу керек дегенді тағы да мәлімдеді.
Атамбаев дүйсенбі күні өзі президент болған бірінші жылдың қорытындысы бойынша үлкен баспасөз мәслихатын өткізіп, онда жергілікті және шетелдік БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді. «Манас» азаматтық әуежайында әскери құрам болмауы тиіс, бұл менің принципті ұстанымым деп атап көрсетті ол осы баспасөз мәслихатында. Әуежайда АҚШ-тың авиабазасын орналастыру туралы келісім-шарт 2014 жылға дейін күшінде болады. Қырғызстан президенті шетелдік әскерилердің республиканың азаматтық әуежайында болу мерзімінің ұзартылмайтынын бұған дейін де бірнеше рет мәлімдеген болатын.
Сейсенбі, 25 желтоқсан 2012 7:23
Қырғызстан президенті Алмасбек Атамбаев Бішкек халықаралық әуежайы тек қана азаматтық нысан болу керек дегенді тағы да мәлімдеді.
Атамбаев дүйсенбі күні өзі президент болған бірінші жылдың қорытындысы бойынша үлкен баспасөз мәслихатын өткізіп, онда жергілікті және шетелдік БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді. «Манас» азаматтық әуежайында әскери құрам болмауы тиіс, бұл менің принципті ұстанымым деп атап көрсетті ол осы баспасөз мәслихатында. Әуежайда АҚШ-тың авиабазасын орналастыру туралы келісім-шарт 2014 жылға дейін күшінде болады. Қырғызстан президенті шетелдік әскерилердің республиканың азаматтық әуежайында болу мерзімінің ұзартылмайтынын бұған дейін де бірнеше рет мәлімдеген болатын.
Полиция ереуілшілерді қуып таратты
Үндістанда полиция сушашқыш және көз жасауратқыш газдың көмегімен әйелдер үшін тең құқықтар талап еткен ереуілшілерді қуып таратты.
Алтыншы күн қатарынан өтіп отырған митингілер ел астанасы Делиде осыдан бір аптадай бұрын орын алған бір қызды топталып зорлауға байланысты туындаған болатын. Наразылық білдірушілер әйелдер қауіпсіздігі деңгейінің өте төмендігіне наразы және қылмыскерлер үшін өлім жазасын талап етуде. Сенбі күні өткен ереуілге бірнеше жүздеген жастар қатысқан. Акция барысында тәртіпсіздіктер орын алып, құқық қорғаушылар тарапынан да, ереуілшілер тарапынан да адамдар зардап шеккен.
Монти сайлауға түспейді
Марио Монти парламент сайлауына өз кандидатурасын ұсынбайтын болды. Өз шешімі жөнінде ол кеше өткен баспасөз мәслихатында хабарлаған.
Монтидің қатысуынсыз парламенттегі бүгінде бес пайыз италиялықтардың қолдауына ие болып отырған центристердің жеңістен үміті жоқ. Социологтардың есептеуінше, Марио Монтидің оларға 30 пайызы дауыс әкелуі мүмкін еді. Бірақ профессор осыған дейін мәлімдегендей, оған өз түйсігі мұндай қадамға барудың қажеті жоқтығын сездірген. Мен өмір бойғы сенатор болып табыламын, сондықтан парламентке сайлауға түсе алмаймын, деп түсіндірген қызметінен кетіп жатқан премьер өз ойын.
Керри мемлекеттік хатшылыққа ұсынылды
АҚШ президенті Барак Обама өткен жұма күні сенатор Джон Керридің кандидатурасын АҚШ мемлекеттік хатшысы лауазымына ұсынды.
Джон Керри 2004 жылы АҚШ президенті сайлауына қатысқан болатын. Қазіргі уақытта ол сенаттың шетел істері жөніндегі комитетінің төрағасы қызметін атқарады. Америкалық БАҚ-тардың мәліметінше, Джон Керри кандидатурасының республикашылдар тарапынан оппозицияға тап болу мүмкіндігі аз. Осылайша Джон Керри Барак Обаманың президент сайлауында жеңіске жеткеннен кейін жоғары лауазымға тағайындап отырған бірінші саясаткері болып табылады.
Қасиетті храмға нұқсан келтірілді
21 желтоқсандағы «ақырзаман» шулығанының соңы Тикаль қалашығындағы майяның бірнеше архитектуралық ескерткіштеріне нұқсан келтіруге апарып соқтырды.
Туристердің іс-әрекеттері салдарынан Екінші храм мен Оңтүстік акрополь көптеген бүлінулерге ұшыраған. Өкінішке қарай, туристердің храмға өрмелеп шығуы олардың бүлінуіне апарып соқтырды, деп хабарлаған қасиетті қалашықтың бақылаушысы Освальдо Гомес. Біз мерекелеуге қарсы емеспіз, бірақ туристер бұл ескерткіштердің ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралары тізіміне кірген нысандар екенін түсінулері керек, деп мәлімдеген ол жергілікті БАҚ-тарға шағым жасай отырып.
Сенатор мас күйінде ұсталды
АҚШ-тың Вирджиния штатында полицейлер бағдаршамның қызыл белгісіне өтіп кеткен сенатор Майкл Крапоны тоқтатқан.
Оған алкогольге тесттен өту ұсынылып, оның нәтижесі жүргізушінің ішімдік ішкенін растаған. Саясаткер темір тордан кепілдікпен ғана шығарылып отыр. Бірнеше күннен кейін оның ісі сотта қаралмақ. Сенатордың өзі мәлімдеме жасап, өз әрекетіне өкінетінін, болашақта мұндай жағдайдың ешқашан қайталанбайтынын айтып уәде берген және өз сайлаушыларынан кешірім сұраған.
Янукович шенеуніктерді қызметтерінен босатты
Украина президенті Виктор Янукович кеше үкіметтің бірқатар жоғары лауазымды шенеуніктерін қызметтерінен босатты.
Атап айтқанда, ішкі істер министрлігінің басшысы Виталий Захарченко, сыртқы істер министрлігінің жетекшісі Константин Грищенко, қаржы министрі Юрий Колобов, мәдениет министрі Михаил Кулиняк, қорғаныс министрі Дмитрий Саламатин, энергетика және көмір өнеркәсібі министрі Юрий Бойко, денсаулық сақтау министрі, премьер-министрдің орынбасары Раиса Богатырева, экология және табиғи ресурстар министрі Эдуард Ставицкий, салық ведомствосының басшысы Александр Клименко отставкаға жіберілді. Хабарламада айтылғандай, олардың бәрі министрлер кабинетінің отставкаға кетуіне байланысты қызметтерінен босатылып отыр.
Интернет материалдары негізінде әзірленді.