Ауыл • 16 Ақпан, 2019

Онлайн аппаратты орнатудың тиімділігі

582 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2018 жылғы 23 желтоқсанда Қаржы министрінің кассалық-бақылау машиналарды (КБМ) қолма-қол ақшаға есептеу және деректерді беру функцияларымен пайдалану туралы бұйрығы күшіне енеді.

Онлайн аппаратты орнатудың тиімділігі

2019 жылдан бастап олар тоқсан сайын онлайн-кассалық аппараттарды қолданатындардың тізімін кеңейеді. Барлығы 633 қызмет:

2019 жылғы 1 сәуірден бастап 323 қызмет түрі;

2019 жылғы 1 шілдеден бастап 86 қызмет түрі;

2019 жылғы 1 қазаннан бастап 224 қызмет түрі.

Онлайн-КБМ талаптары ортақ телекоммуникация желісі жоқ аймақтарда жұмыс істейтін салық төлеушілерге қолданылмайды.

Салық кодексінің 166-бабы 1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай төлемдер кассалық – бақылау машиналарын міндетті түрде пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

Алайда КБМ-ды пайдалану талабы келесі азаматтардың қолма-қол ақшасыз төлемдерінде қолданылмайды:

1) жеке тұлғалар;

2) адвокаттар мен медиаторлар;

3) жеке кәсіпкерлер (акцизделетін тауарларды сататындардан басқа):

4) қоғамдық көлікте қоғамдық көлікте жолаушы таситындар;

5) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;

6) екінші деңгейдегі банктер.

Онлайн-КБМ жүйесінің артықшылықтары қандай?

Ең алдымен кәсіпкер өз бизнесін, оның ішінде басқа қалаларда, сыртқа шықпай-ақ басқара алады;

Жеке кабинет арқылы КБМ-мен жұмыс істеу бойынша толық ақпаратты бірінші чектен және бірінші Z-есептен бастап меңгеруге болады;

- КБМ үшін соманы онлайн қайтарған жағдайда акт жасау үшін салық органдарына жүгінудің қажеті жоқ, себебі ақпарат серверге автоматты түрде беріледі;

- Басқа апараттармен салыстырғанда, КБМ онлайн әдеттегі нұсқадан өзгеше жасалынған.

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап, ашық сауда базарларының аумағында стационарлық емес сауда объектілері арқылы шағын бизнес субъектілері үшін арнайы салық режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыратын тұлғалар КБМ онлайн қолдануға міндетті.

Онлайн КБМ орнатпаған салық төлеушілерге 50 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынуы мүмкін. Бүгінгі таңда Астана қаласында 13 ашық базар және 25 сауда орталықтары орналасқан. Байқоңыр ауданында орналасқан барлық ашық базарлар мен сауда орталықтарындағы кәсіпкерлерді онлайн КБМ-ге өткізу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Аймахан Енбаев, Астана қаласы, Байқоңыр ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқарамысы басшысының орынбасары