– Бүгін Елбасы – партия Төрағасы ұйымның алдағы он жылдық жоспарын бағдарлап, жолын көрсетіп берді. Бізге керегі – тек осы бағытқа сай жұмыс істеу. Бүгінгі жиында қаралған ең елеулі мәселелердің бірі – әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көрсетілетін көмек, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдау болды. Бұл жай ғана сөз емес, нақты қаражат бөлінген.
Өзім еңбек ететін медицина саласына тоқталсам, Қызылорда облысындағы алғашқы медициналық көмек көрсету көрсеткіші қазірде 43 пайызды құрайды. Соны 60 пайызға дейін жеткізу – алға қойған үлкен міндет. Міне, осыған байланысты істер атқарамыз.
Биыл «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығы. 20 жылда атқарған нақты нәтиже – еліміздің өркендеуіне партияның, ондағы мүшелердің қосқан елеулі үлесі. Сонымен қатар Қазақстанның дамуында нұротандықтардың еңбегі зор.
Бүгінгі айтылған, күн тәртібінде қаралған мәселелерді шешуге, алдағы 10 жылдыққа, оның ішінде 2021 жылға дейінгі орындалатын тапсырмаларға Ұлттық қордан қосымша қаражат бөлінуі – үлкен қамқорлық, нақты бастама және елге көмек.
Ақмарал ӘЛНАЗАРОВА,
Қызылорда облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы