28 Ақпан, 2019

Yessenov университеті әлеуметтік көмек көрсетуді бастады

655 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтау қаласындағы «Достық» үйінде Yessenov University-дің әлеуметтік маңызы бар «Қоғамға қызмет» жобасының алғашқы нәтижелерімен таныстыру шарасы өтті.

Yessenov университеті әлеуметтік көмек көрсетуді бастады

Студент жастардың санасына имандылық, қоғамға қажеттілік, қайырымдылық сынды адами құндылықтарды ұялату мақсатындағы жобаны іске асыру барысында студенттер жалғызілікті қарттардың үйіне, көп балалы, әрі тұрмысы төмен аналардың үйлеріне барып, үй шаруасына көмектесті. Бір топ жастар жетім балаларға, «Ана мен бала орталығына» өз көмектерін көрсетті. Келесі топ мүмкіндігі шектеулі жандарға арнап паралимпиада ойныдарын өткізсе, студенттредің бір тобы психоневрологиялық ауруға шалдыққан мүгедек балаларға жан жылуын сыйлады. Жобаға өңірге белгілі кәсіпкерлер қолдау көрсетті.

Мүмкіндігі шектеулі балалар мен қамкөңіл қарттар қуаныштары мен ризашылықтарын сахнаға шығып, ақ тілекпен, өз өнерлерімен жеткізді.

Университет ректоры Б.Ахметов шараның оңайлықпен өткізілмегенін атап өтіп, атсалысқан жастар мен кәсіпкерлерге, сондай-ақ көмек көрсетулеріне мүмкіндік жасап, рұқсатын берген мекемелер басшыларына алғыс айтты.

Сондай-ақ, шара соңында оқу орнының басшысы жобаға қолдау көрсетуге ынта білдірген кәсіпкерлермен меморандумға қол қойды.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Egemen Qazagstan»

Маңғыстау облысы