Қазақстан • 28 Ақпан, 2019

Наурызда неше күн демаламыз?

3809 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Наурыз мерекелерге толы. Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамына байланысты қанша күн демалыс болады?

Наурызда неше күн демаламыз?

Наурыз айының жартысына жуығы демалыспен өтпек. Мәселен, Халықаралық әйелдер күні жұмаға сай келгендіктен, мереке үш күнге созылмақ. Яғни, 8-10 аралығы - демалыс. Наурыз мейрамы әдеттегідей 3 күн тойланады. 23 наурыз сенбіге түскендіктен, 25 наурыз мерекелік күн есебіне енеді.

Сондай-ақ бұған аптадағы сенбі-жексенбі күндерін қосыңыз. Қысқаша айтқанда, наурыз айында 14 демалыс, 17 жұмыс күні болады.