Қазақстан • 28 Ақпан, 2019

Тұрмысы төмен отбасылар табиғи газ желісіне тегін қосылады

510 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысында тұрмысы төмен отбасылардың тұрғын үйін газ желісіне тегін қосу үшін бюджеттен 500 млн теңге қаржы бөлінетін болды. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Айдарбек Байжанов мәлімдеді.

Тұрмысы төмен отбасылар табиғи газ желісіне тегін қосылады

Жақында аймақтағы табиғи отынмен қамту ісінің ойдағыдай жүргізілмей отырғаны облыс әкімі тарапынан сынға алынған болатын. Әсіресе, облыс орталығы Талдықорған қаласын орталық газ желісіне қосудың екінші кезеңі басталғанына қарамастан көгілдір отынмен қамту 30 процентке ғана жеткен.

- Жыл соңына дейін аймақтағы табиғи газбен қамту үлесі 62 процентке жетеді. Оның ішінде Талдықорған қаласы бойынша 6000 тұрғын үй газ желісіне қосылады. Қазір бұл көрсеткіш 2500 абонент шамасында. Биыл әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларды газға тегін қосуды бастаймыз. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес осы мақсатта 500 млн теңге қаржы бөлінеді, - дейді облыс әкімінің орынбасары Айдарбек Байжанов.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Egemen Qazaqstan»

Алматы облысы