27 Қараша, 2012

Шарайна

203 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Шарайна

Сейсенбі, 27 қараша 2012 7:18

Каталония тәуелсіздік ала ма?

25 қараша күні Каталонияда өткен сайлауда өңірдің тәуелсіздігі үшін күреспек партиялар басым дауыс алған. Бұл жөнінде «Франс-Пресс» агенттігі хабарлады. Ресми мәліметтерге сәйкес, басымдықты үкіметтің қазіргі төрағасы Артур Мас басшылық жасайтын «Конвергенция және одақ» ұлттық коалициясы сақтап қалған.

 

Сейсенбі, 27 қараша 2012 7:18

Каталония тәуелсіздік ала ма?

25 қараша күні Каталонияда өткен сайлауда өңірдің тәуелсіздігі үшін күреспек партиялар басым дауыс алған. Бұл жөнінде «Франс-Пресс» агенттігі хабарлады. Ресми мәліметтерге сәйкес, басымдықты үкіметтің қазіргі төрағасы Артур Мас басшылық жасайтын «Конвергенция және одақ» ұлттық коалициясы сақтап қалған.

Бұл коалиция өңірлік парламенттегі 135 орынның 50-іне ие болған. Екінші орынға Каталонияның сепаратистік Солшыл республикалық партиясы көтерілген. Ол өзінің мандатын бұған дейінгі 10-нан 21-ге дейін көбейткен. Жалпы, Каталонияда соңғы 20 жылда алғаш рет дауыс беруге келген адамдардың рекорды тіркелген. Өңір халқы көп жылдардан бері тәуелсіздікті қалайды.

 

Газа секторы шығынын есептеуде

Израильдің Газа секторында жүргізген операциясынан келген шығын 1,2 миллиард доллардан асып түскен. ХАМАС қозғалысының ресми өкілі Тахер әл-Нунудың мәлімдеуінше, бұл сома тікелей авиа­­­соққылардан келген шығын ретінде бағаланған 545 миллион доллардан және 7 миллион долларға баға­лан­­­ған тікелей емес шығындардан жинақталған.

Әл-Нуну сондай-ақ Израиль әскери-әуе күштерінің іс-әреке­тінің салдарынан 200 үй мен 42 тұрғын емес құрылыс толықтай қирағанын атап өтті. Бұлардың ішінде ХАМАС үкіметінің штаб-пәтері де бар. Палестина дәрігерлерінің деректерінше, Израиль авиациясы шабуылынан 166 адам, оның ішінде 43 сәби бар, қаза тапса, 1235 адам жараланған. Ал Израиль тарапынан 4 бейбіт тұрғын мен 2 әскери қызметкер көз жұмып, тағы 240 адам дене жарақатын алған.

 

Қайтып келуін жоққа шығармайды

Ресей Премьер-министрі Дмитрий Медведев 2018 жылы президент лауазымына қайтып келуі ықтимал екенін жоққа шығармайды. Ол мұны Le Figaro басы­­-

лымына берген сұхбатында мәлімдеген. Д.Медведевтің сөзіне қарағанда, көп нәрсе оның денсаулығына, сонымен қатар, басқа да факторларға тәуелді болады.

Бірақ дейді ол, ешқашанда ешқашан деп айтуға болмайды. Оның үстіне мен бұл өзенге бір мәрте сүңгіп шыққанмын. Тағы бір мәрте неге сүңгімеске? Сондай-ақ, ол өзін Премьер-министр орынтағында да тамаша сезінетінін атап көрсеткен. Оның сөзіне қарағанда, өзімен жұмыс істеуге жайлы бір адам бар болса, ол – Владимир Путин. В.Путин мен Д.Медведевтің «келісімі» бойынша екеуі лауазымдарымен алмасқаны белгілі.

 

Тікұшақ базасына бақылау орнатты

Сирия бүлікшілері ел астанасы – Дамаскіден 15 шақырым жерде орналасқан үкімет әскерлерінің тікұшақ базасын басып алып, бақылау орнатқандарын мәлімдеді. Бұл бүлікшілер осы айда басып алған үкіметтік әскери-әуе күштерінің екінші базасы болып табылады.

Бүлікшілердің сөздеріне қарағанда, Газаны басып алу операциясы барысында екі тікұшақ пен радиолокатор қиратылып, ел президенті Башар Асад режімінің 15 жақтасы тұтқынға алынған. Соңғы уақытта режімге қарсы бүлікшілердің көптеген тобы күрес жүргізіп жатқаны белгілі. Өйткені, қараша айының басында олар өз іс-қимылдарын Асадқа қарсы үйлестіру мақсатында коали­ция­ға бірігуге қол жеткізген еді.

 

Саакашвили Грузиядан кетпейді

Грузия президенті Михаил Саакашвили елді тастап кетпейтінін мәлімдеді. Мұндай мәлімдемені ол 23 қараша күні Баграта ғибадат­­ханасына барған кезінде жасады. Грузия қазір сынақ кезеңін басынан кешіп отыр, сондықтан мен бұл сынақты халықпен бірге бөлісу ниетіндемін, деді ол.

Әрине, мен өз халқымды ешқайда тастап кетпеймін. Біз проблемаларды еңсеріп, елімізді осы сынақ кезеңінен шығаратын боламыз, деді ол әрі қарай. Қазан айындағы парламенттік сайлауда оппозициялық коалиция жеңіске жетіп,  М.Саакашвили басқа­ратын партия үкімет пен парламенттің қолдауынан айырылғаны мәлім. Бірақ ол алдағы жылдың күзінде өтетін президенттік сайлауға дейін өз лауазымында қала береді.

 

Эхуд Барак саясатпен қоштаспақ

Израиль қорғаныс министрі Эхуд Барак кеше Кнессетке (парламентке) сайлаудан соң өзінің карьерасын аяқтап, саясаттан кететінін мәлімдеді. Бұл жөнінде «Рейтер» агенттігі хабарлады. Бірақ Барак жаңа үкімет жасақталғанша, өзінің орынта­ғында қала беретінін, сөйтіп, қорғаныс министрлігін басқаруды жалғастыратынын атап көрсетті.

Министр шешімінің себебі, оның «Тәуелсіздік» партиясы, қоғамдық сұрау салулардың нәтижесіне сәйкес, Кнессетке өтуге ешқандай мүмкіндігі жоқтығында жатуы ықтимал. Э.Барак 2007 жылдан бері қорғаныс министрі болып келеді. Ол бұл қызметті 1999-2001 жылдар аралығында да атқарған болатын. Э.Барак өткен кезеңде басқа да түрлі лауазымдарда болған саясаткер. Израиль парламентін сайлау алдағы жылдың 22 қаңтарында өтеді.

Қысқа қайырып айтқанда:

— Египет президенті Мохаммед Мурси өзінің өкілеттігін кеңейту туралы жарлықтар уақытша үдеріс болып табылатынын, мұндай кең өкілеттілік оған қазір елдегі саяси тұрақты­лық­ты қайтару үшін қажет екенін мәлімдеді.

— Жақында Ресей қорғаныс министрі болып тағайындалған Сергей Шойгу өзімен бұрын қызметтес болған 14 офицер мен генералдың қорғаныс министрлігі аппаратына ауысатынын хабарлады.  Олардың барлығы бұған дейін Төтенше жағдайлар министрлігінде жұмыс істеген.

— Украинаның астанасы – Киев қаласында аштық құрбандары еске алынды. Шараға шамамен 2 мыңдай адам қатысты. Ел пре­зиденті Виктор Януковичтің ұстанымынша, 30-шы жылдардағы аштық – Кеңес Одағына кірген мемлекеттердің ортақ қасіреті.

— Мексиканың солтүстігіндегі Чиуауа штатында 19 адамның мүрдесі табылды. Шамамен 20 мен 30 жас аралығындағы ер адамдар осыдан 2 жыл бұрын есірткі картельдері арасындағы күрес кезінде өлтірілсе керек. Олар 3 зиратқа бөліп жерленіпті.

Интернет материалдары негізінде әзірленді.