Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде еліміздегі әлеуметтік салаларды жандандыруға бағытталған маңызды межелерді айқындап берді. Жаңа әлеуметтік қамқорлық шараларды жүзеге асыру нәтижесі еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, халықтың тұрмыс сапасын және әлеуметтік әлсіз топтардың кірістерінің артуына үлкен серпін береді. Алдағы уақытта аталған міндеттерді іске асыру үшін заңға өзгерістер енгізіледі.
Осы орайда Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру бойынша атқарылған жұмыстардың барлығын ауқымды түрде жариялап, ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Сондықтан қазіргі кезде министрліктер, әкімдіктер, «Нұр Отан» партиясы осы бағытта жұмыс атқармақ. Бұл ретте халықпен кері байланыс орнату үшін жұмыс жүргізудің жаңа форматтарын қарастырамыз. Осыған байланысты Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жақын арада өзге мемлекеттік органдармен бірге нақты қадамдарды белгілейтін болады.
Гүлшара ӘБДІҚАЛЫҚОВА,
Премьер-Министрдің орынбасары