Акция аясында прокурор, адвокат және кәсіби медиаторлар қала тұрғындарына құқықтық көмек көрсетті.
Іс-шараның басты мақсаты - шешімін таппаған түйінді мәселелердің сотқа дейінгі, не болмаса сот шешімін орындауға байланысты дауларды қарастырып, тараптардың бітімге келуге мүмкіндік бар екенін, одан басқа онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстарды да бітімге келумен шешуге байланысты құқықтық көмек көрсету.
Жалпы Шымкент қаласының Құқық қорғау қызметтері орталығы 2017 жылдың 7 желтоқсанында ашылып, бүгінгі күнге дейін 3,5 мыңнан аса азамат прокурордың қабылдауында болған.