Жанартау тағы «оянды»
Бейсенбі, 22 қараша 2012 7:16
Үш центнер есірткіні тәркіледі
Кеше Австралия полицейлері осы елге аса ірі көлемде есірткі жеткізудің жолын кесу операциясын аяқтады. «Франс-пресс» агенттігініңхабарлауынша, табылған есірткінің жалпы көлемі үш центнерден асады.
Бейсенбі, 22 қараша 2012 7:16
Үш центнер есірткіні тәркіледі
Кеше Австралия полицейлері осы елге аса ірі көлемде есірткі жеткізудің жолын кесу операциясын аяқтады. «Франс-пресс» агенттігініңхабарлауынша, табылған есірткінің жалпы көлемі үш центнерден асады.
Сидней полицейлері қаладағы бір қоймада Қытайдан жаңадан импортталған асфальт төсейтін мәшинені тексерген. Тексеру барысында оның ішінен 235 кило метамфетамин және 115 килодан астам кокаин шыққан. Тәркіленген есірткінің жалпы құны қара базарда 250 миллион долларды құрайтын көрінеді. Осыған қатысы бар деген күдікпен 34 және 33 жастардағы канадалық пен америкалық тұтқындалды. Осыдан бір апта бұрын австралиялық полицейлер Эквадордан Австралияға келе жатқан яхтадан 204 кило кокаин тапқан болатын.
Жанартау тағы «оянды»
Кеше Жаңа Зеландиядағы Тонгариро жанартауы атқылады. Бұл жанартау Солтүстік аралының орталық бөлігінде орналасқан. Жанартау атқылауынан ауаға шашылған күлдің биіктігі үш мың метрге жуықтайды.
«Ассошейтед пресс» агенттігінің ақпараттарына қарағанда, жанартау жергілікті уақыт бойынша сағат 13.25-те «оянған». Соның салдарынан бірқатар бағытқа ұшатын ұшақтардың рейсі кейінге шегерілді. Осы жылдың тамызында Тонгариро жанартауы тағы да атқылаған еді. Онда да ел ішіне қатынайтын авиарейстер кестесі бұзылған еді. Ал бұл жанартау 1897 жылдан бері «ұйықтап» жатқан көрінеді.
ХАМАС өз мойнына алды
Тель-Авивте автобус жарылды, соның салдарынан 15 адам жарақаттанды, оның үшеуі ауыр халде жатыр. Газа секторындағы шетел тілшілерінің хабарлауынша, жарылыс жауапкершілігін палестиналық ХАМАС радикалды қозғалысы алған.
Шетелдік тілшілердің ақпараттары бойынша олар мешіттің мұнарасына орнатылған дауыс ұлғайтқышты пайдаланған сияқты. Ал полицияның мәліметтеріне қарағанда, белгісіз біреу автобус салонына жарылғыш зат салынған пакетті қалдырып кеткен. Кейін белгілі болғанындай, күдіктілердің біреуі тұтқынға алынды.
Тәжік ағайындар бірінші тұр
Тәжікстан өз азаматтарының еңбек мигранты ретінде шетелдерде жұмыс істеп, отанына ақша аударымы жөнінен әлемде алдыңғы орынға шықты. Бұл туралы Бүкіләлемдік банктің баяндамасында көрсетілген.
Бүкіләлемдік банктің есебінше, 2012 жылы шетелдердегі тәжік еңбек мигранттары аударатын қаржы көлемі елдің ішкі жалпы өнімінің 47 пайызын құрайды. Ал екінші орында Либерия (31 пайыз), үшінші орында Қырғызстан (29 пайыз) тұр. Одан кейін Лесото (27 пайыз), Молдова (23 пайыз), Непал (22 пайыз) және Самоа (21 пайыз) келеді. Биылғы жылы еңбек мигранттары өз отбасыларына жалпы көлемі 406 миллиард доллар жіберетін көрінеді. Банктің есебінше, бұл өткен жылғыдан 6,5 пайызға көп.
Терроршы дарға асылды
Мумбайда террорлық әрекетті жүзеге асырғандардың бірі – Мохаммед Касаб кеше ертеңгісін түрмеде дарға асылды. АҒР агенттігінің хабарлауынша, пәкстандық М.Касаб 2008 жылы Мумбайда террорлық әрекет жасаушы оншақты адамның ішінен тірі қалған.
Олар Тәжі Махал, Оберей отельдеріне, еврей діни орталығына, мейрамхана мен темір жол вокзалына, сондай-ақ ауруханаға шабуылдар жасап, соның салдарынан 166 адам ажал құшқан еді. Осыған байланысты ол кінәлі деп табылып, сот оны 2010 жылы өлім жазасына кескен.
Күйеуін атып өлтіргені үшін
Жергілікті сот Аргентинаның Рио-Негро провинциясы губернаторының жесірі Сусана Фрейдосты күйеуін өлтіргені үшін 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Қылмыс 2012 жылы Жаңа жылды мерекелеу кезінде жасалған.
Сусана Фрейдос мас болып, күйеуімен өзара дауласу барысында оны атып тастаған көрінеді. Прокурорлар оған өмір бойы түрмеде отырғызу жазасын сұраған. Ал сот қылмыс жасар кезінде оның жүйкесінде ауытқушылық болғанын және мас екенін ескерген.
Қысқа қайырып айтқанда:
Ресейдің бас прокуратурасы осы аптаның соңына қарай Мемлекеттік думағаОлег Михеевті депутаттық дербес құқығынан айыру жөнінде ұсыныс жасамақ.Оны екі банк алаяқтық жасады деп айыптауда.
Грузия өзінің Ауғанстандағы әскери контингентінің қатарынкөбейтті. Қорғаныс министрлігінің мәліметі бойынша, қазан айыныңішінде олар ауған жеріне бірнеше мәрте өз әскерлерін жіберген.
Бокстан әлем чемпионы Эктор Камачо ауыр жарақатпен госпитальға түсті. Автокөлік ішінде отырған оған белгісіз біреулер оқ атқан.
Сот шешімімен неміс шіркеулері мен шіркеу ұйымдарының қызметкерлеріне ереуіл жасауға рұқсат етілді. Бұл еңбек жағдайын жақсартуға байланысты болса керек.
Интернет материалдары негізінде әзірленді.