Қаза тапқандар саны 100-ден асты
Сәрсенбі, 21 қараша 2012 7:10
Израиль мен Палестина арасындағы ахуал әлі де ушығып тұр. Дүйсенбі палестиналықтар үшін аса қаралы күн болды. Сол бір күннің ішінде 30-дан астам жергілікті тұрғын көз жұмды. Қаза тапқан палестиналықтардың жалпы саны, соңғы мәлімет бойынша, 109 адам делініп отыр.
Осы аралықта Израиль полицейлері Тель-Авивтегі АҚШ елшілігінің күзетшісіне шабуыл жасаған ер адамды тұтқындады. Жергілікті құқық қорғау органдарының мәліметінше, аты-жөні белгісіз адам күзетшіні өлтіруге әрекет жасаған. Тергеушілер оның күзетшіге не себепті шабуыл жасағанын тексеру үстінде.
Сәрсенбі, 21 қараша 2012 7:10
Израиль мен Палестина арасындағы ахуал әлі де ушығып тұр. Дүйсенбі палестиналықтар үшін аса қаралы күн болды. Сол бір күннің ішінде 30-дан астам жергілікті тұрғын көз жұмды. Қаза тапқан палестиналықтардың жалпы саны, соңғы мәлімет бойынша, 109 адам делініп отыр.
Осы аралықта Израиль полицейлері Тель-Авивтегі АҚШ елшілігінің күзетшісіне шабуыл жасаған ер адамды тұтқындады. Жергілікті құқық қорғау органдарының мәліметінше, аты-жөні белгісіз адам күзетшіні өлтіруге әрекет жасаған. Тергеушілер оның күзетшіге не себепті шабуыл жасағанын тексеру үстінде.
Ауғанстандағы миссиясын аяқтады
Франция Ауғанстандағы өзінің соңғы әскери миссиясын аяқтады. Кеше француз әскерилері Капис провинциясындағы Ниджраб базасынан шығарылды. Бұл француздардың Кабулдан тысқары жердегі соңғы форпосты болып табылады. Францияның әскери бөлімдері Ауғанстанды желтоқсан айында толық тастап шығады.
Франция ауған науқанына 2001 жылдың аяғында қосылған болатын. Француз контингенті ауқымы жөнінен АҚШ-тан, Британиядан, Германиядан және Италиядан кейінгі бесінші орында еді. 11 жыл ішінде француздар 88 әскери қызметкерінен өлідей айырылды. Қазіргі кезде Ауғанстанда шамамен 2,2 мың француз әскериі бар.
Айып көлемі – 200 мың рубль
«Біртұтас Ресей» депутаттары заңсыз мигранттарға бірнеше мәрте баспана ұсынғандар үшін 200 мың рубль көлемінде айыппұл салу туралы ұсыныс жасады. Құжатқа сәйкес, аталған заң бұзушылық үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілетін болады.
200 мың рубльге балама жаза ретінде 360 сағатқа дейін міндетті жұмыс қарастырылған. 1 жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстары немесе 2 жылға дейін мәжбүрлеп жұмыс істету де көзделеді. Егер мигранттарды бір топ адам алдын ала келісім бойынша қоныстандыратын болса, онда тәртіп бұзушылар үш жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін. Әрине, мұның бәрі заң күшіне енген жағдайда ғана жүзеге аспақ.
3 миллиард долларынан айырылды
Қытайдағы аса бай әйел У Ячжунь өзінің жұбайы Кай Кюймен ажырасуы салдарынан 3 миллиард доллардан астам қаражатын жоғалтты. Сөйтіп,Longfor компаниясы басшысының байлығы 72-ден 43 пайызға дейін азайып кетсе, есесіне оның бұрынғы жұбайының үлесі 29 пайызға көтерілген.
Осылайша У Ячжуньнің қаржысы бұған дейінгі 7,3 миллиардтың орнына 4,2 миллиард долларға дейін азайған. Сөйтіп, ең бай қытайлық әйел мәртебесі Country Garden Holding компаниясының иесі Ян Хуюанға ауысып отыр. Оның байлығы 5 миллиард доллар деп есептеледі. Ал ең бай қытайлық алкогольсіз Wahaha ішімдігін өндіруші Цзун Цинхоу болып қалуда. Оның байлығы 19 миллиард долларға тең көрінеді.
Өздерін өздері өртемек болды
Қырғызстан астанасында коммерциялық құрылымдарға қарыздары салдарынан мүліктерінен айырылған адамдардың жаппай өздерін өздері өртеуге жасаған әрекеттерінің алды алынды. Кеше әрекет иелері Бішкектегі Горький атындағы саябаққа жиналып, осындай қадамдарға бармақ болған.
Олардың кейбірі үкіметке қарсы сипаттағы ұрандар айтып, ел президенті Алмазбек Атамбаевты қоса алғанда, барлық республика басшылығының отставкаға кетулерін талап еткен. 40 адам өздерін өртеп жібермекші болған. Олардың басым көпшілігі әйелдер мен егде тартқан адамдар екен. Ереуілшілердің пікірлерінше, бәрі ар-ұяттан безген қаржы ұйымдарының іс-әрекеттерінен зардап шеккен.
Сақалдың ұзындығы шектеулі
Тәжікстандағы үлемдер кеңесі (исламды жетік білетін беделділер) ерлердің сақал қою мен әйелдердің киім кию нормаларын белгіледі. Бұл ереженің сүнниттердің ханафи мазхабын ұстанатындарға қатысы бар көрінеді. Өйткені, Тәжікстанда исламның осы бағыты ресми болып табылады және республика мұсылмандарының көпшілігі ұстанады.
Ережеге сәйкес, ер адам сақалының көлемі өзінің жұдырығынан аспауы тиіс. Әйелдер үшін киім оның беті, қолы және табанынан басқа жерінің бәрін толық жауып тұруы шарт. Тәжікстанның ислам орталығында үлемдер кеңесі жұмыс істесе, олар бұл норманы дін істері жөніндегі комитеттің өтініші бойынша белгілепті. Елде шамамен 3 мыңдай мешіт пен 20 шақты діни білім беру мекемелері жұмыс істейді.
Қысқа қайырып айтқанда:
Француз оппозициясы өз серкесін сайлады. «Халықтық қозғалыс үшін одағы»оппозициялық партиясының басына Жан-Франсуа Копе келді. Ол қарсыласы,бұрынғы премьер-министр Франсуа Фийоннан 98 дауыс артық алған.
Грузия парламентінің адам құқығын қорғау комитеті бұрнағы күні елдетүрлі баптар бойынша 180 адам саяси тұтқын деп жарияланғанынхабарлады. Тағы 22 адам саяси қуғын-сүргінде жүрген көрінеді.
Тергеушілердің деректерінше, Польшада ішкі қауіпсіздік агенттігініңқызметкерлері билік органдарының өкілдеріне қарсы лаңкестікұйымдастырмақ болған ер адамды тұтқындаған. Күдікті Краковта қамауға түскен.
Интернет материалдары негізінде әзірленді.