20 Қараша, 2012

Еліміз бастамаларына ерекше назар

239 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Еліміз бастамаларына ерекше назар

Сейсенбі, 20 қараша 2012 7:12

Жақында Джибутиде Ислам Ынтымақ­тас­­­­тығы Ұйымы (ИЫҰ) Сыртқы істер ми­нис­­­тр­­лерінің кеңесі ашылып, оған Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов бастаған қазақстандық делегация қатысты, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

 

Сейсенбі, 20 қараша 2012 7:12

Жақында Джибутиде Ислам Ынтымақ­тас­­­­тығы Ұйымы (ИЫҰ) Сыртқы істер ми­нис­­­тр­­лерінің кеңесі ашылып, оған Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов бастаған қазақстандық делегация қатысты, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Конференцияның ашылуында сөз сөйлеген Қазақстан Респуб­ли­касы сыртқы саясат ведом­ство­сы­ның басшысы Қазақстанның осы Ұйымға 2011 жылдың 28 маусымы мен үстіміздегі жылдың 15 қарашасына дейін созылған төр­ағалығының қорытындысын шы­ғарды. Ол Қазақстан дипломатиясы тарихындағы осы маңызды оқи­­­ға күрделі геосаяси және жа­һан­дық экономикалық сын-қатер­лер мен ИЫҰ географиясында орын алған драмалық саяси өзге­рістер кезеңінде өткенін атап көрсетті.
Министр Қазақстан Республи­касының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2011 жылдың 28 маусымында Астанада өткен ИЫҰ Сыртқы істер министр­ле­рі­нің 38-ші кеңесіндегі бағдар­ла­­­малық сө­зі қазақстандық төр­аға­лықтың күн тәртібін белгілесе, онда ислам әлемін жаңғырту, оның бә­се­кеге қабілеттілігін жо­ғарылату, әлеуметтік-экономика­лық прог­­­­­ресс, халықаралық аренада ИЫҰ-­ның рөлін нығайту және өрке­ниетаралық үнқаты­су­ды дамыту мәселелеріне баса назар аударыл­ғанын көлденең тартты.
Е.Ыдырысов Астанадағы СІМК барысында Ислам Конференциясы Ұйымын Ислам Ынты­мақтастығы Ұйымына өзгерту туралы тарихи шешім қабылдан­ғанын атап өте келіп, Астананың төрағалығы аясында, тұтастай алғанда, 40 іс-шара, оның ішінде, 10 іс-шара министрліктер дең­ге­йінде ұйымдастырылғанын, осы­ның нәтижесінде, Ұйымның түрлі органдарының қызметі айтарлық­тай белсенді бола түскенін айтты.
Мәселен, Қазақстан бастамасымен 7-ші Бүкіләлемдік ислам экономикалық форумы, ИЫҰ-ға мүше елдер денсаулық сақтау министрлерінің 3-ші конференциясы, қоршаған орта министр­лерінің 5-ші кездесуі секілді аса ірі іс-шаралар ұйымдастырылды. Аталған кезеңде Сомалиге гума­нитарлық көмек ретінде 500 млн. АҚШ доллары көлемінде қара­жат жиналды. Мұны Ұйымның аса ірі табысы деп бағалаған жөн.
Қазақстанның көпшілік тарапынан қолдау тапқан бастама­ла­рының қатарында Қазақстан Рес­публикасының Президенті Нұр­сұлтан Назарбаевтың ИЫҰ-ның азық-түлік қауіпсіздігі жүйесін құру туралы ұсынысын атауға болады. Өйткені, бұл бастама негі­зінде Астанада Ұйымның жаңа институты – ИЫҰ-ның азық-тү­лік қауіпсіздігі жөніндегі Офисін құру туралы шешім қабылданды.
Ислам Даму банкімен (ИДБ) ынтымақтастық саласында өзара ықпалдастыққа айтарлықтай ірге­тас қаланды – ИДБ-мен елдік әріп­тестік стратегиясы жасалды. Бұл Қа­зақстан Республикасын­да­ғы түр­­лі жобаларды жүзеге асыру үшін айтарлықтай қаржы көзде­рін тар­туға, сондай-ақ Қазақстан басшы­сының келесі бір бастамасы – ша­ғын және орта бизнесті дамыту үшін қор құру туралы бастаманы жүзеге асыруға мүм­кіндік береді.
Астана ИЫҰ-ның ішкі реформаларына бағытталған бірқатар қадамдарға, оның ЕО-мен, ЕҚЫҰ-­мен, ШЫҰ-мен, АӨСШК-мен және Әлемдік және дәстүрлі дін­­дер көшбасшыларының съездері­мен ынтымақтастығын кеңейтуге бастамашылық жасады. Қазақ­стан Республикасының ядролық таратпау, Ауғанстандағы жағдай­ды қалпына келтіру, G-Global-ды дамыту, сондай-ақ Ұйымның G-20-мен өзара іс-қимылын ілге­рілету бойынша бастамалары мұ­сылман қауымы тарапынан қол­дау тапты.
Астанада ИЫҰ-ның адам құ­қық­тары жөніндегі тәуелсіз тұ­рақ­­­ты комиссиясын құру туралы шешім қабылдануы маңызды қадам болды.
Қазақстан СІМК-нің төрағасы ретінде Таяу Шығыстағы бейбіт­шілік пен қауіпсіздік мәселелерін талқылауда салмақтылық пен тепе-теңдік көрсетті. Біздің елі­міз Ватиканда елшілер деңг­е­йін­де ИЫҰ-ның делегациясына же­текшілік жасап, Палестина аума­ғындағы католик шіркеуінің мен­шік мәселелерін талқылады.
Форумда сөз сөйлеген ИЫҰ-ның Бас хатшысы Экмеледдин Ихсаноғлы, Джибути президенті Исмали Омар Гелле, ИЫҰ-ға мүше елдер сыртқы саясат ве­дом­стволарының басшылары Қа­зақстан Республикасының Ұйым­ға төрағалығын жоғары бағалап, Президент Нұрсұлтан Назарбаев ілгерілеткен бастамалардың кө­кей­кестілігін атап көрсетті. Ал бұл бастамалар Ислам уммасы­ның күн тәртібінде тұрған аса ма­­­ңызды проблемаларды қозғай­ды.
Олардың сөздеріне қарағанда, Қазақстан төрағалық лауазымында өзін күрделі саяси үдерістерде конструктивті шешім қабылдауға қабілетті толысқан және жауап­кершілікті мемлекет ретінде көр­сетті. Осы орайда, Қазақстанның әлемге экономикасы дамыған, эт­носаралық және дінаралық келі­сімді сақтап отырған тиімді мем­лекеттік құрылыс қалыптас­ты­рып, дүние жүзіне үлгі көрсетіп келе жатқан ел екенін де атап көрсеткен абзал. Атап айтқанда, ИЫҰ-ның Бас хатшысы, қазақ­стандық төрағалықтың жоғары мазмұны мен кәсібилігін атап өте келіп, оның Ұйым тарихындағы аса бір жарқын бет болып қалатынын көлденең тартты.
Конференция жұмысы шеңбе­рінде Е.Ыдырысов бірқатар екі­жақты кездесулер өткізді. Ауған­стан сыртқы саясат ведом­ство­сы­ның басшысы З.Расулмен, Египет сыртқы саясат ведомствосының бас­шысы М.Әмірмен, Иран сырт­қы саясат ведомствосының басшы­­сы А.Салихимен, Сауд Арабиясы сыртқы саясат ведом­ство­сы­ның басшысы, Ханзада Әбдел Әзиз бен Абдалламен, Гамбия сыртқы саясат ведомствосының басшысы С.Ваффа-Огоомен, Гвинея сыртқы саясат ведом­ство­сы­ның басшысы Б.Фофаномен, Гайана сыртқы саясат ведомство­сы­ның басшысы К.Родригес-Бир­кет­пен, АҚШ пре­зи­дентінің ИЫҰ-дағы Арнайы ел­шісі Р.Хусейнмен келіссөздер барысында халықаралық, өңірлік және екі­жақты ынтымақ­тастық­тың көкей­кесті мәселелері талқы­ланды. Қа­зақстан Республикасы­ның Астанада халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу, сондай-ақ Қазақ­­станның 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақ­ты емес мүшелігінен орын алу тапсырыстарын ілгерілету мә­се­ле­леріне баса назар аударылды. Қазақстандық министр, сонымен қатар, ИЫҰ-ның Бас хатшысы Э.Ихсаноғлымен және Ислам Даму банкінің президенті М.Әли­мен келіссөздер жүргізді.
«Егемен-ақпарат».