Басылым ақпарына сәйкес, Полторанинмен бірге тағы екі аустриялық шаңғышы да мойындаған. Тергеуден кейін олар үйлеріне жіберілді.
Еске салсақ, 27 ақпанда Аустрия құқық қорғау органының қызметкерлері Германия прокуратура қызметкерлерімен бірге халықаралық допингтік желіге қарсы операция өткізді, соның аясында Зефельдте шаңғы спорты бойынша чемпионатта бірнеше құрама командаларға жеті тінту жұмыстарын жүргізіп, допингке қарсы заңнаманы бұзған деген күдікпен Аустрия құрамасының екі спортшысын, Қазақстанның бір спортшысын, Эстонияның екі спортшысын ұстады. Кейін белгілі болғандай, ұсталған қазақстандық Алексей Полторанин болып шықты.
Тергеу ақпарынша, коммерциялық спорттық алаяқтық және тиым салынған препараттар мен допинг тәсілдерін пайдаланған деген күдікпен Германияда спорт дәрігері, дәрігер С.Маркпен байланысты қылмыстық топ анықталды. Аустриялық құқыққорғаушылар қылмыскерлердің Эрфурт қаласында әрекет еткендерін және бірнеше жыл бойы спортшыларға допинг ұсынып келгендерін мәлімдеді.
Шаңғы спорты бойынша әлем чемпионаты Зефельдте 20 ақпаннан 3 наурыз аралығында өтіп жатыр.