Спорт • 01 Наурыз, 2019

Велотректен әлем чемпионатының екінші жарыс күні аяқталды

343 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Польшаның Пружков қаласында велотректен әлем чемпионаты жалғасуда. Бұл туралы ҰОК баспасөз қызметі хабарлады.

Велотректен әлем чемпионатының екінші жарыс күні аяқталды

Olympic.kz қазақстандық спортшылар көрсеткен нәтижені назарларыңызға ұсынады. 

Чемпионаттың екінші жарыс күнінде кейрин мен скрэтчтен жеңімпаздар анықталды. Қазақстандық Роберт Гайнеев скрэтчте 15-орын иеленді. 

Ал кейринде біздің спортшылар бірінші кезеңнен аса алған жоқ. Бұл сынға Қазақстан атынан Павел Воржев қатысқан болатын. 

Әлем чемпионаты 3 наурызға дейін жалғасады. Қазақстан құрамасының үздігі Артем Захаров әлі жарыс жолына шыққан жоқ.