Компанияда салауатты өмір салтын құру, қызметкерлер денсаулығы мен еңбекті қорғауға үлкен көңіл бөлінуде. Жаман әдеттен арылып, спортты ұстану – өмір сапасының маңызды бөлігі.
ҚТЖ ғимаратында ұйымдастырылған флешмоб қатысушыларын персоналды басқару жөніндегі директор, HR басқарушы директоры Тамила Микулич, Ардагер-теміржолшылар кеңесінің төрағасы Болатбек Дүйсемәлиев, «Қазпрофтранс» ҚБ төрағасы Оразғали Ахметбаев, сондай-ақ ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшесі, ҚР шахмат федерациясының вице-президенті Дәрмен Сәдуақасов құттықтады. Теміржолшылар музыканың ырғағымен жақсы көңіл күй мен қуат сыйлаған өндірістік гимнастиканың пайдалы кешенді жаттығуларын жасады.
Ұйымдастырушылардың пайымдауынша, жұмыс уақытында дене шынықтыру минутын өткізіп тұру дәстүрі қызметкерлердің өздерін сергек сезінуге және жұмыс қабілетін арттыруларына көмектеседі.
Сондай-ақ осы күні «Никотин – на витамин» акциясы болып өтті.
Ұйымдастырушылар мен белсенді жастар әріптестерін өздерінің және жақындарының денсаулықтары үшін жаман әдеттен арылуға шақырып, темекі тартатын қызметкерлерді шылымын алмаға айырбастауды ұсынды.
Спорттық флешмоб, «Никотин – на витамин» акциясы еліміз өңірлерінің барлық теміржолы кәсіпорындарында өтеді. Бұл дене шынықтыру құндылықтарын, салауатты өмір салтын ұстанудың жақсы насихаты.