20 Желтоқсан, 2012

Шарайна

227 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Шарайна

Сейсенбі, 20 қараша 2012 7:10

Израиль ультиматум жариялады

Израиль ХАМАС-қа 36 сағаттық ультиматум қойды, ол өткеннен кейін, егер Газа секторында оқ ату тыйылмаса, Израиль әскери операцияны кеңейте түспек.

Израильдің қаржы министрі Юваль Штайництің сөзіне сілтеме жасай отырып, Russia Today осындай хабар таратқан. Біз жолайрықта тұрмыз. Бізді не ахуалдың тынышталуы немесе операцияларды күшейту ісі күтіп тұр. Сонымен бірге, мәселені то­лықтай әскери тұрғыда шешу де қарас­тырылуда, деп мәлімдеген Штайниц. Израиль­­дің Египет басшылығын ультиматумды жеткізу үшін делдал ретінде пайдаланғаны да атап көрсетілген. Палестиналықтар өз тарапынан Газа секторына блокаданы алуды және адамдарды мақсатты түрде өлтіруді тоқтатуды талап етуде.

 

Израиль ультиматум жариялады

Израиль ХАМАС-қа 36 сағаттық ультиматум қойды, ол өткеннен кейін, егер Газа секторында оқ ату тыйылмаса, Израиль әскери операцияны кеңейте түспек.

Израильдің қаржы министрі Юваль Штайництің сөзіне сілтеме жасай отырып, Russia Today осындай хабар таратқан. Біз жолайрықта тұрмыз. Бізді не ахуалдың тынышталуы немесе операцияларды күшейту ісі күтіп тұр. Сонымен бірге, мәселені то­лықтай әскери тұрғыда шешу де қарас­тырылуда, деп мәлімдеген Штайниц. Израиль­­дің Египет басшылығын ультиматумды жеткізу үшін делдал ретінде пайдаланғаны да атап көрсетілген. Палестиналықтар өз тарапынан Газа секторына блокаданы алуды және адамдарды мақсатты түрде өлтіруді тоқтатуды талап етуде.

Обаманың Бирмаға сапары

АҚШ президенті Барак Обама өткен жылы еуропалық басқыншылардың талай рет тонауына түскен Шведагон пагодасында  болды.

Ақ үй басшысы  Бирмаға сапармен келген болатын. Бұл Америка президентінің бұл елге тарихтағы тұңғыш сапары. Обама ел президенті Тейн Сейнмен, сондай-ақ демократия үшін қозға­лыстың көшбасшысы Аун Сан Су Чжимен кездесіп, Рангун уни­верситетінде сөз сөйледі. Президент Оба­маның сапары президент Тейн Сейн бас­таған саяси реформаларға көрсетілген қолдау ретінде бағалануда. Сонымен бірге Обама Бирмаға 170 млн. доллар көлемінде экономикалық көмек бағдарламасы туралы хабарлайды деп күтілуде.

 

Католиктер наразылығын тудырды

FEMEN феминистік  қозғалысына мүше қыздар ұйымдастырған акция француз католиктерінің ашу-ызасын келтірді.

Дау-жанжалымен  белгілі ұйым өкілдері Париждің орта­лы­ғын­да гейлермен ынты­мақтастығын көрсету тұрғысында киім­дерін шешіп тастаған. Осы сәтте онда дәс­түрлі некеге  қолдау көрсеткен митинг өтіп жатқан болатын. Ұлтшылдар ішінен шық­қан діни фанаттар феминистік қозғалысқа мүше қыздарға шабуыл жасап, оларды соқ­қыға жыққан. Қыздарды ауыр зардаптардан уақытында көмекке келген полицейлер ғана арашалап алған көрінеді. Айта кету керек, аталған қозғалыстың лидері Анна Гуцол Ресейге келуге тыйым салынған адамдардың тізімінде тұр.

 

Соғыс қимылдарын тоқтатуға шақырды

БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун Газа секторындағы жанжалдасушы жақтарды өзара бітімге келуге шақырды.

Мен Израиль мен Палестинаны табанды түрде оқ атуды шұғыл тоқтату үшін Египеттің бүкіл күш-жігеріне ықпал етуге шақырамын, деп атап көрсетілген Бас хатшының мәлімдемесінде. Пан Ги Мунның айтуынша, жағдайды одан әрі ушықтыра беру бейбіт тұрғындардың зардап шегуін одан бетер ауырлата түспек. Сонымен бірге Бас хатшы израильдік және палестиналық лидерлермен кездесіп, оларды күш көрсетуді тоқтатуға шақыру үшін өзінің таяу уақыттарда өңірге баратынын да атап көрсеткен.

 

Мектеп автобусы пойызбен соқтығысты

Пойыздың мектеп автобусымен соқтығысуы салдарынан, соңғы мәліметтер бойынша, 49 адам қаза тапқан, олардың көпшілігі 6 жасқа дейінгі балалар.

Египет полициясы бұлардан басқа 13 жолаушының айтар­лықтай жарақаттар ал­ғанын хабарлаған. Оқиға ел астанасының оңтүстігіндегі темір жол өтпесінде орын алған көрінеді. Алдын-ала болжам бойынша, автобус жүргізушісі қызыл шамға назар аудармастан рельске шығып кетіп, жолаушылар пойызының астына түскен. Египет темір жолдарының басшысы мен көлік министрі қайғылы оқиға жауапкершілігін өз мойындарына алып, бірден отставкаға кеткен.

 

Нашар тауар үшін айыппұл төлейді

Мемлекеттік Думаға тұтынушыны алдағаны, оған нашар тауар сатқаны немесе ақпарат беруден бас тартқаны үшін кәсіпкерлер мен компанияларға салынатын айыппұлды ондаған есе ұлғайтуды көздеген заң жобасы енгізілмек.

Осылайша, әкімшілік  құқық бұзу­шы­лық туралы кодекстің 4-бабына тиісті түзетулер енгізу қарастырылуда. Соның нәти­жесінде жоғарыда аталған бұрма­лаулар үшін компа­нияның лауазымды тұл­ғаларына салынатын айыппұл 7-10 мың рубльге дейін, жеке кәсіп­керлерге салынатын айыппұл 50-70 мың рубльге дейін, ал заңды тұлғаларға салынатын айыппұл 100-300 мың рубльге дейін ұлғайтылмақ. Бұрмалаулар қайталанған жағдайда одан да көп айыппұлдар енгізу ұсынылуда.

 

Қала тұрғындары тудырған тәртіпсіздік

Жол-көлік оқиғасының соңы Қытайдың оңтүстік шығысындағы Фуцзянь провинциясында орналасқан Фуань қаласында тәртіпсіздіктер тудырды, деп хабарлады Associated Press агенттігі.

Куәгерлердің айтуынша, сенбі күні кешкісін полиция бір жүргізушіні тоқта­тып, оның ішімдік ішкен-ішпегенін тексермек болған. Автомобильшілердің бірі тексеруден жалтарып, қашып кетуге тырысады. Осыдан келіп, полицейлер оны со­ңынан қуады. Ақырында әлгі машина үш мотоцикльге және тағы бір машинаға барып соғылған. Соның салдарынан 5 адам зардап шеккен көрі­неді. Оқиға орнына жиналған  20 мыңдай адамның  2 мыңдайы полицей фургондарын аударып, тәртіпсіздіктер туындатқан.

Интернет материалдары негізінде әзірленді.