Әлем • 01 Наурыз, 2019

Рамзан Кадыров Қазақстан туралы не деді?

2419 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шешенстан Республикасының басшысы Рамзан Кадыров Қазақстанға, қазақ еліне қатысты көзқарасын айтып берді. Бұл туралы Президент телерадио кешені хабарлады. 

Рамзан Кадыров Қазақстан туралы не деді?

Р.Кадыров айтуынша, оның Қазақстанға деген ыстық ықыласы ерекше. Өйткені Шешенстан басшысын елімізбен байланыстыратын нәрсе көп.

«Қазақстанға, қазақ халқына және Қазақстан басшысына қарым-қатынасым ерекше. Өйткені менің әкем Қазақстанда туған. Атамның ағасы сонда жерленген. Біздегі әскери жағдай кезінде көмек қолын созып, жәрдем еткен – Қазақстан басшысы Президент Нұрсұлтан Әбішұлы болатын. Грозный қаласын қалпына келтіру кезінде тазалыққа арналған арнайы техниканы сатып әперген де қазақтар, біздің бауырларымыз еді. Сондықтан өмір бойы Қазақстан халқы мен Президентіне алғыс айтып өтеміз», деді Р.Кадыров «Бір тағдыр» фильмінде сөйлеген сөзінде.

Айта кету керек, Р.Кадыровтың әкесі, Шешенстанның алғашқы президенті Ахмат-Хаджи Кадыров Қарағандыда дүниеге келген. Сондай-ақ Грозныйда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев атындағы көше бар. Ал 2010 жылы шаһардағы №1 лицейге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілді.