10 Қараша, 2012

Шарайна

342 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Шарайна

Сенбі, 10 қараша 2012 7:02

Асад тек Сирияда өледі

Сирияның заңды президенті Башар Асад Ресейдің Russia Todayтелеарнасына сұхбат бердіБұл оның шілде айынан бергі алғашқысұхбаты болып табыладыОл Отанын ешқандай жағдайда да тастапшықпайтынын атап көрсеткен.

 

Сенбі, 10 қараша 2012 7:02

Асад тек Сирияда өледі

Сирияның заңды президенті Башар Асад Ресейдің Russia Todayтелеарнасына сұхбат бердіБұл оның шілде айынан бергі алғашқысұхбаты болып табыладыОл Отанын ешқандай жағдайда да тастапшықпайтынын атап көрсеткен.

Б.Асад: «Мен сириялықпын, сондықтан Сирияда өмір сүруге және осында өлуге тиіспін», деп мәлімдеген. Ол сондай-ақ өзге елдің Сирия аумағына басып кірген жағ­дайында әлем үлкен салдарға душар болатынын, мұның әркімге әсе­рі тиетінін көл­денең тартқан.  Сирия пре­зи­­ден­тінің пікірінше, Батыс әскерлерінің Си­рия­ға ба­са-көктеп кіруге батылы жетпеуі тиіс.

 

Иранның әрекетін айыптады

Пентагон өкілі Иранның АҚШ әскери-әуе күштерінің ұшқышсыз ұшатынұшағына шабуыл жасағаны туралы мәлімдедіӘскери ведомство өкілініңсөзіне қарағандаИран ұшқышсыз ұшақты Парсы шығанағы ауданындашабуылдаған.

Дегенмен, аппарат ешқандай зақымданбастан, базаға қайта оралған. Пентагондағылардың сөздеріне қарағанда, ұшқышсыз ұшақ жоспарлы бақылау жүргізу үшін аспанға көтерілсе, Иран­ның әуе кеңістігін бұзбаған және халықаралық сулардың үстінде қалықтаған. Жалпы, соңғы кездері АҚШ пен Иран арасындағы қарым-қатынас Теһранның ықтимал ядролық бағдар­ламасына байланысты күрделі күйінде қалып келеді.

 

Үшінші мерзімге наразылық

Аргентинада бүкіл ел бойынша ондаған мың адам көшелерге шығыпісбасындағы президент Кристина Фернандес де Киршнердің үшіншімерзімге қайта сай­лануына наразылық акцияларына қатыстыКиршнер  өзінің үшінші мерзімге сайлануын мүмкін ету үшін ел конституциясынаөзгеріс енгізу туралы жоспарлаған еді.

Демонстранттан көшелерге «Демократия жасасын, қайта сайлануға жол бер­мей­міз», «Коррупцияға жол жоқ» және «Тұрақ­сыздыққа тосқауыл қоятын уақыт жетті» деген мазмұндағы ұрандар алып шыққан. Наразылық танытушылардың көпшілігі бірінші кезекте президенттің жеке басы мен іс басындағы үкімет жүргізіп келе жатқан реформаларға көңілдері толмайтындарын білдірген.

 

Қысқа қайырып айтқанда:

 Чешенстанның астанасы – Грозный қаласының бас­шылы­ғына ИсламҚадыров тағайындалдыОның кандидатурасын басым дауыспендепутаттардың қалалық кеңесі мақұлдағанИ.Қадыров Чешенстанпрезиденті Рамзан Қадыровтың туысы болып табыладыБірақ нақтықандай жақындығы барлығы беймәлім.

  Латвияда марихуананы тұтынудысақтау мен коммерциялық емесмақсатта өсіруді қылмыс деп санамау бойынша қол жинау үдерістерібасталғанЕгер бастама кем дегенде 10 мың адам тарапынан қолдау тапса,онда оны Латвия парламенті қарауға міндетті боладыЖеңіл есірткінізаңдастыру ұсынысының авторы Арис Абеле деген біреу көрінеді.

   Тұңғыш рет Интерпол басшылығына әйел адам келді. Римде өткен Ұйымның бас ассамблеясында франциялық полиция комиссары Мирей Балестраззи Интерполдың президенті болып сайланды. Оның жасы 58-де. 1975 жылдан бері полиция комиссары болып жұмыс істеп келеді екен.

Үш күндік аза тұту жарияланды

Гватемала президенті Отто Перес Молина жер сілкінісі құрбандықтарына байланысты  үш күн аза тұту жариялады. Нақтыланған мәлімет бойынша, деп мәлімдеді Молина, 7 қараша күні болған зілзала салдарынан көз жұмғандар саны 52 адамға жетіп отыр.

Гватемала президенті табиғат апатынан қаза тапқандар саны қирандыларды аршу барысында өсе түсуі мүмкін деген қауіп бар екенін білдірді. Магнитудасы 7,4 баллдық жер сілкінісі Гватемала аумағында жергілікті уақыт бойынша 10 сағат 35 минутта болған еді. Зілзаладан Мексикамен шекарадағы Сан-Маркос қаласы басым зардап шекті. Ондаған ғимараттар қирады.

 

Дауыл шығындары сұрапыл

Нью-Йорк басшылығы «Сэнди» дауылынан келген экономикалық шығынды есептеп шығарды. Штат губернаторы Эндрю Куомоның сөзіне қарағанда, Нью-Йоркке келген шығынның өзі 33 миллиард долларды құрайды. Тұтастай алғанда, АҚШ-тың шығыс жағалауларына 50 миллиард доллардың зардабы келген.

33 миллиард доллар Нью-Йорк үшін өте орасан сома, әсіресе, бюджеттің көптеген миллиардтық тапшылығын ескере келгенде, деп атап өтті Куомо. Қазіргі кезде Нью-Йорк пен Нью-Джерсидегі үйлерін жоғалтқан адамдарға уақытша тұру үшін трейлерлер беруге уәде етіліпті. Бұл іспен бүгінде Төтенше жағдайларды басқару жөніндегі федералдық агенттік айналысып жатса керек.

 

30 тонна кокаинмен ұсталды

Венесуэлада 30 тонна кокаин контрабандасымен айналысты деген күдікпен Хорхе Мильтон Сифуэнтес Вилья деген біреу қамауға алынды. Америка билігі осы адамға Мексика арқылы АҚШ-қа есірткі алып өтуді қаржыландырды және есірткі контрабандасын ұйымдастырды деген айып тағып отыр.

Сөйтіп, АҚШ тарапы Сифуэнтес Вильяның өздеріне берілуін талап етпек. АҚШ полициясының деректеріне қара­ғанда, аталған колумбиялық азамат Құрама Штаттармен қатар, Колумбия, Эквадор, Панама, Мексика және Испания аумақтарында іс-қимыл танытқан қылмыстық топқа жетекшілік еткен көрінеді. Сөз реті келгенде, бұған дейін АҚШ Вильяның қай жерде жүргенін көрсеткенге 5 миллион доллар беруге уәде еткенін айта кетейік.

Интернет материалдары негізінде әзірленді.

Соңғы жаңалықтар