Аудан тұрғындарымен кездесу барысында Елбасының тапсырмаларын іске асыру жөніндегі Парламенттің заң шығару жұмыстары туралы жан-жақты айтылды.
Ауыл тұрғындары әлеуметтік мәселелер, көпбалалы отбасылар мен әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды қолдау, сондай-ақ табысы төмен тұрғындардың жалақысын арттыру мәселелеріне қатысты сауалдар қойды.
Жұртшылық Елбасының «Нұр Отан» партиясының съезінде жария еткен бастамаларына қызу қолдау білдірді.
Кездесуге қатысушылар өз аймақтарындағы өзекті мәселелерді көтеріп, әлеуметтік қолдаудың жаңа тетіктеріне назар аударды. Ауыл тұрғындары санының артуына байланысты жаңа үйлер салу, жұмыс орындарын ашу және өмір сүруге қолайлы жағдай жасау мәселелері айтылды. Ауданда дәрігерлік көмек алу, интернетке еркін кіру мүмкіндіктерінің жоқтығы да сөз болды.
Ауыл тұрғындарының мәселелерін тыңдап, әлеуметтік қолдаудың жаңа шарттарын түсіндірген сентор №3 Киев жалпы білім беру мектебі мен Нұра аудандық ауруханасын аралады және Шахтер ауылында болды.
С.Ершов кездесулерде айтылған барлық мәселелер назарда болатынын айта келіп, «Тұрғындардың әлеуметтік мәселесін шешу – біздің басты міндетіміз», - деді.