19 Қаңтар, 2012

Қазақстандағы сайлау шетелдіктер көзімен

303 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Қазақстандағы сайлау шетелдіктер көзімен

Бейсенбі, 19 қаңтар 2012 7:22

ЖОҒАРҒЫ ӨКІЛДІҢ МӘЛІМДЕМЕСІ
Еуропалық Одақтың Жо­ғар­ғы өкілі К.Эштон Қазақстан­дағы парламенттік сайлауға қа­тысты мәлімдеме жариялады.
Еуропалық Одақтың Сырт­қы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі, Еурокомиссияның вице-пре­зи­денті Кэтрин Эштонның мәлім­демесінде былай делінеді:
«Мен Қазақстан халқын 15 қаңтарда заң шығарушы ор­ган­ға сайлау кезінде өзінің демо­кра­тиялық құқығын пайдалануына орай құттықтағым келеді. Сонымен қатар мен Парламентте бұдан былай үш партия бо­латындығы туралы хабарды жылы қабылдаймын, ал мұның өзін Қазақстанда плюрализм мен демократиялық саяси мәде­ниет қалыптастыруға жете­лей­тін оң қадам деп білемін.

Қазақстан ЕО-ның маңызды әріптесі және біз ондағы саяси реформалардың жүзеге асуына қолдауымызды жалғастыра беруге әзірміз».

ТАБЫСТЫ САЙЛАУМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Қазақстан Республикасы Ор­талық сайлау комис­сия­сы­ның шақыруы бойынша Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар сайлауына Ислам Ынтымақтас­ты­ғы Ұйымы Бас хатшы­лы­ғынан байқаушылар делегациясы келіп қатысқан болатын. Делегация құрамына Иордания Хашимиттік Корольдігінен үш адам кірген еді.
Делегация мүшелері жұмыс режімінде Астана қаласындағы ірі сайлау учаскелерінде болып, дауыс берудің барлық кезең­де­рі­не байқауды жүзеге асырды. Олар сайлаушылардың жоға­ры белсенділігін атап көрсе­тіп, дауыс беру үдерістерінің қалып­ты жағдайда және заң бұзу­шы­лықсыз өткеніне екпін түсірді.
ИЫҰ Бас хатшысы профессор Экмеледдин Ихсаноғлы сай­лау өткізудің жалпы үде­рі­сіне қанағат сезімін білдіріп, Қа­зақстан халқын ұлттық бір­лікті ілгерілетуге тағы да үлкен қызығушылық танытқанымен және өз елінің демократиялық инс­титуттарын нығайтуға үлес қосқанымен құттықтады.
ИЫҰ Бас хатшысы сондай-ақ Қазақстан билігіне сайлау өткізудегі кәсібилігі мен ұй­ым­­дас­тырушылық ше­берлігі үшін өзінің ризашылығын білдірді.

ДОСТАСТЫҚТАҒЫ  БІРЕГЕЙ  ЕЛ
Мен Жаңаөзен қаласындағы бір­­қатар сайлау учаскелерінде болып, шын қанағаттанғандық сезім­де бол­ғанымды атап көрсетемін. Қаладағы сайлау учаскелеріндегі дауыс беру мәселесі қалыпты жағдайда, ұйым­дасқан түрде өтті. Дауыс беруге келген сайлаушылар қатары да аз бол­ған жоқ. Менің ойымша, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тө­тенше жағдай жарияланған Жаңа­өзен қаласында сайлау өткізу жө­нін­де  өте дұрыс шешім қабылдады.  Себебі, адамдар дауыс беру құқын толық пайдалануға тиіс.
Сіздердің елдеріңіздің Пре­зиденті бұл ай­мақ­қа ерекше маңыз беріп отыр. Мәсе­лен,  16 жел­тоқ­санда болған оқиға­дан кейін ол Жаңаөзен қаласына өзі ұшып келіп, қалыптасқан жағдай­мен тікелей танысып, нақты шешім­дер қабыл­дады.
Қазақстан – ТМД мемле­кет­терінің ішінде демократиялық даму принциптерін ұстанатын бірегей мемлекет. Көп партиялы Парламент – бұл әртүрлі таңдау, жан-жақты пікір, яғни пікір-сайыс органы. Егер Қазақстанның жаңа Парламентінде оппозицияның өкілдері болатын бол­са, бұл өз кезегінде елдің демо­кра­тиялық бейнесін көрсетеді. Жалпы алғанда Қазақстан біртін-біртін демократиялық даму үрдісіне түсіп келеді.
Ұлыбритания Парламентінің тәу­ел­сіз мүшесі ретінде, сонымен бірге Қазақстан бойынша үкімет­ара­лық топтың бүкілпартиялық төр­ағасы ретінде маған алдағы уақытта қазақстандық Парламентпен тікелей жұмыс істеуге тура келеді. Өз тарапымнан айтарым, Ұлыбритания Қазақстанды қолдайды және жан-жақты көмек көрсетуге дайын.

Лорд Джон Андерсон ВЭЙВЕРЛИ, Ұлыбритания Парламенті Лордтар палатасының мүшесі.