Қазақстан • 03 Наурыз, 2019

Тұңғыш рет классикалық шахматтан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді

922 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Классикалық шахматтан әлем чемпионаты тұңғыш рет Қазақстанда өтеді. Бұл жайында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 Тұңғыш рет классикалық шахматтан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді

"Классикалық шахматтан әлем чемпионаты тұңғыш рет елімізде өтеді! Бұл - қазақстандық шахмат мектебінің даму жолындағы тарихи кезең! Біздің шахматшыларымыз үшін өте маңызды оқиға! Чемпионаттың Қазақстанда болатынына бүкіл әлем қызыға қарап отыр. Осы сайыстың өтуіне ERG компаниялары тобы үлес қосып, қолдау көрсетті", - деп жазды ол. Министрдің дерегінше,  5-14 наурыз аралығында (10 наурыз демалыс күні) АХҚО ғимаратында (Астана, Мәңгілік ел, 55/18, С-3.3 павильоны) чемпионаттың барлық 9 туры (күніне бір тур) ұйымдастырылады. Турнирлердің бәрі сағат 15:00-де басталады. Тек соңғы, тоғызыншы тур сағат 12:00 өтеді.

Турнирге Әзербайжан, Армения, Ұлыбритания, Венгрия, Грузия, Египет, Үндістан, Иран, Қытай, АҚШ, Ресей, Украина, Швеция және Қазақстаннан 20 құрама - 10 әйелдер, 10 ерлер командалары қатысады. Әлем чемпиондары, FIDE 2018 Олимпиадасы нәтижесі бойынша рейтингі жоғары 6 команда келеді. Қабылдайтын федерациядан екі команда, FIDE президенті тағайындаған екі команда чемпионатта өнер көрсетеді. "Осы керемет ойынды жақсы көретіндерді біздің құраманың жанкүйері болуға шақырамыз! Кіру тегін! Баршаңызды күтеміз!", - деп жазады Арыстанбек Мұхамедиұлы.